Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне іс-сапары туралы баспасөз ақпараты (2014 жылғы 4 желтоқсан, Лондон қаласы)

04 желтоқсан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне іс-сапары аясында Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігі Қауіпсіздік және терроризмге қарсы күрес бөлімінің Бас директоры Чарльз Фаррмен және Лондон полициясы (Скотлэнд-Ярд) Терроризмге қарсы күрес департаментінің бастығы Ричард Уолтонмен кездесуі өтті.

Кездесулер барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмыстылыққа, терроризмге және экстремизмге қарсы күресу, сонымен қатар экономикалық қылмыстарды анықтау және тергеу мәселелеріне, ақшалай қаражатты жылыстатуға және қылмыстық жолмен табылған активтерді қайтару саласында өзара ықпалдастық ету мәселелері талқыланды, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы шарттық-құқықтық негіздің кеңеюі қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу