Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Словак Республикасы Бас прокурорының орынбасарымен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (6 маусым 2013 жыл, Астана қ.)

06 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Словак Республикасының Бас прокурорының орынбасары Цтибор Кошталмен кездесу өтті.

Кездесу барысында конструктивті сұхбат және өзекті ведомствоаралық сұрақтар бойынша өзара пікір алмасты, соның ішінде қылмыстылыққа қарсы күрес саласы мен шарттық-құқықтық базаны кеңейту жөнінде болды.

  А.Дауылбаев Словак құзырлы органдарымен екі елде заңдылықты нығайту және құқықтық тәптіпті қамтамасыз ету сұрағында жемісті ынтымақтастықты жоғары бағалады. Ол осы сапардың Қазақстан мен Словак қадағалаушы органдарының арасында қалыптасқан ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болып табылатындығын, сонымен бірге екі тараптында қалыптасқан қарым-қатынастың нығайуына мүдделі екендігіне дәлел деп атап өтті.

Бас Прокурор Қазақстан прокуратура органдарының қызметіндегі басым бағыттарды, халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайту барысындағы жұмыстарды хабардар етті.

Өз кезегінде, Словак Бас прокурорының орынбасары қазақстандық тарапқа көрсеткен қабылдауына алғысын білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуне дайын екендігін атап өтті.

Келіссөз нәтижесімен Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы Бас прокуратуралары арасында өзара түсіністік туралы водомствоаралық Меморандумға қол қойылды және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шартты келісу мен жасасу процессін бастау жөнінде шешім қабылданды.    

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу