You are here

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Швейцария Конфедерациясының Бас прокурорымен өткен кездесуі жөніндегі баспасөз ақпараты (12 қыркүйек 2013 жыл, Астана қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Швейцария Конфедерациясының Бас прокуроры Михаэл Лаубермен кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында тараптар қол жеткізілген қарым-қатынас деңгейіне қанағаттанатындықтарын білдіріп, осы сапар екі мемлекеттің қадағалау органдарының қалыптасқан қарым-қатынасын одан әрі дамытуға маңызды қадам болатындығын атап өтті. Сонымен қатар, өзара мүдделілік танытатын кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Бас Прокурор қонақты прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары жөнінде хабардар етіп, қылмыстық қудалау барысындағы адам құқықтарын қорғау, осы саладағы басты халықаралық шарттарға қосылуға қатысты Қазақстанның міндеттерін орындау Мемлекет басшысының және барлық уәкілетті органдардың ерекше назарында екендігін атап өтті.

Сонымен қатар Бас Прокурор Қазақстанның құқық қорғау органдарының ұйымдасқан және трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күресте тәжірибесі бар мемлекеттермен сындарлы диалог орнатуға және дамытуға мүдделі екендігін атап өтті.

М.Лаубер қазақстандық прокуратураның халықаралық-құқықтық саясатты жүзеге асырудағы қызметін жоғары бағалады, заңдылықты және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазіргі заманғы қауіпке өзара қарсы әрекеттесуді үйлестірудегі жалпы стратегиялық міндеттерге қатысты мүдделі ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендігін растады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.