You are here

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша үш сотталғанға қатысты сот актілері бұзылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша сотталған  А.Кудрявцев, Ж.Ибрагимов және М.Николаеваға қатысты сот актілері бұзылды.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының №2 соты жоғарыда аты аталған тұлғаларды салық төлеуден жалтаруға кінәлі деп таныды. «ДВС Мет Сервис», «УК ПромОборудование», «УК Транзит Универсал», «Пром Универсал», «Темир Транзит», «Сталь Пром Комплект», «Алтын Қойма» тәрізді бірқатар ЖШС атынан кәсіпкерлік қызметкпен айналыса жүріп, салық декларациясына және салықты есептеумен және төлеумен байланысты өзге де құжаттарға бұрмаланған мәліметтер енгізген.

2010 жылғы 20 қазанда Кудрявцев, Ибрагимов және Николаева соттың шешімімен Қылмыстық Кодекстің 222-бабының 2-бөлігі бойынша жалпы режимдегі түзету колониясында бір жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Өскемен қ. бойынша салық комитетінің азаматтық талап арызы қанағаттандырылған. Сотталғандардан мемлекет кірісіне 945 253 505 теңге және 28 357 605 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілген.

Сотталған М.Николаева Бас прокуратураға азаматтық талап арызды қанағаттандыру бөлігінде сот актілеріне наразылық енгізу туралы ұсыныспен жүгінді.

Іс материалдарын зерделеп, Бас прокуратура салық комитетінің бюджетке төленбеген салықты өндіру туралы талап арызын соттың қанағаттандырмауы керек еді деген пікірге келді, өйткені талап арыз лайықсыз жауапкерге қойылған.

ҚР Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 27 ақпандағы «Салық заңнамасын қолданудың сот тәжірибесі туралы» қаулысының 4-тармағына сәйкес, салық төлеуші болып табылатын заңды тұлғаның қызмет етуіне байланысты салық есептеледі. Жеке тұлғаның қылмыстық әрекеті салдарынан заңды тұлға салық төлеуден жалтарған, демек, салық бойынша қарызды ол төлеуі тиіс. Салық бойынша міндеттерін өз бетінше орындағаннан кейін заңды тұлға төленген өсімақы мен айыппұлды сол көлемінде кінәлі жеке тұлғадан қайтадан талап етуге құқы бар.

Осы фактілер бойынша Бас Прокурор қадағалау тәртібімен наразылық енгізді. Жоғарғы Сот оны қанағаттандырды.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасының 2013 жылғы 17 қаркүйектегі қаулысымен Өскемен қаласы №2 сотының А.Кудрявцев, Ж.Ибрагимов, М.Николаеваға қатысты 2010 жылғы 20 қазандағы үкімі өзгертілді. Сот үкімі сотталғандардан мемлекет кірісіне 945 253 505 теңге және 28 357 605 теңге көлеміндегі мемлекеттік бажды үлескерлік тәртіпте өндіру бөлігінде бұзылды.

Қалған бөлігінде үкім өзгеріссіз қалды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.