You are here

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Монако Княздігіне сапары туралы баспасөз ақпараты (Монте-Карло қаласы, 2015 жылғы 5 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Монако Княздігіне жасаған сапары шеңберінде Монако Княздігінің Мемлекеттік кеңес төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы, Әділет министрі Филипп Нарминомен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында қылмысқа, қылмыстық жолмен табылған қаражатты жылыстатуға қарсы тұру саласында, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесудің нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Монако Княздігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шартқа қол қойылды.

Шарт Қазақстан Президентінің Монако Князі II Альбермен 2012 жылғы кездесуі барысында қабылданған Бірлескен мәлімдемені жүзеге асыру мақсатында жасалды, оның аясында халықаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.

Тараптар қол жеткізілген келісімдердің екі мемлекеттің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан мен Монако азаматтарының конституциялық құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауға  зор үлес қосуға бағытталғанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Қазақстанның басты қадағалаушы органының жетекшісі атап өткендей, біздің ел үшін бұл еуропалық қауымдастыққа жақындасу жолындағы кезекті және маңызды қадам болып табылады. Монако Княздігі қылмысқа қарсы күрес саласында Қазақстанмен халықаралық шарт жасасқан тағы бір еуропалық ел болды. Осы оқиға Қазақстанның құқықтық жүйесіне деген сенімнің артуы және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін қамтамасыз ету бойынша жалпылай танылған халықаралық стандарттарға сай құқықтық тетіктердің біздің елімізде қалыптасуының айқын белгісі болып табылады.

Тараптар шартты жүзеге асырудағы келесі қадамдарды талқылап, трансұлттық ұйымдасқан қылмысты ескерту және жолын кесу бойынша үйлесімді іс-қимылдың маңыздылығын атап көрсетті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.