You are here

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Лондонда өткен Дүниежүзілік құқықтық саммитке қатысуы туралы (2015 жылғы 23 ақпан, Лондон қаласы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық делегацияның құрамында Ұлыбританияға сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Дүниежүзілік құқықтық саммит жұмысына қатысты.

Форумды еркін экономика мен құқықтық үстемдікті жылжыту мақсатында құрылған Магна Карта - Ұлы Еркіндік Хартиясының 800 жылдығын мерекелеу құрметіне британдық билік ұйымдастырған болатын.

Форум жұмысына бүкіл әлемнің мемлекеттік және бизнес құрылымдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен академиялық ортаның 2000-ға жуық өкілдері қатысты. Заңның үстемдік құруы, сот төрелігіне қолжетімділік, тұрақты даму, бизнес саласындағы халықаралық даулар, бизнес және адам құқықтары және т.б. мәселелер күн тәртібінің негізгі тақырыптары болды.

Форумның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, АҚШ Бас прокуроры Эрик Холдер, Ұлыбритания Әділет Министрі және Лорд-канцлері Крис Грэйлинг, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Анхель Гуррия сөз сөйледі.

Отырысқа қатысушыларға алдағы онжылдықта құқықтың үстемдік құруын айқындауға ықпал ететін технологиялар мен шешімдер, экономикалық қызмет пен халықаралық сауда негізінде заңның үстемдік құруы, кез келген гүлденген және салауатты қоғамда аса маңызды мәнге ие болатын заң күшін қолдану туралы, сонымен қатар олардың негізін құрайтын халықаралық сауда мен заң саласындағы ғаламдық үрдістер туралы түрлі презентациялар көрсетілді.

Саммит барысында А.Дауылбаев шетелдік әріптестерімен - АҚШ, Канада, Румыния, Түркия, Оман, БАӘ әділет министрлерімен және  бас прокурорларымен қылмыстық-құқықтық саладағы өзекті мәселелер бойынша екіжақты кездесулер өткізді.

АҚШ-тың Бас прокуроры Э.Холдермен кездесуі барысында тараптар бір-бірін Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттың қол қойылуымен құттықтады, сондай-ақ құқықтық саладағы маңызды сұрақтарды талқылады.

Лондонға сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Ұлыбританияның Алаяқтық қылмыстарға қарсы іс-әрекеттер кеңсесінің Директоры Дэвид Гринмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында өзара мүдделілік туғызатын мәселелер, оның қатарында прокуратураның құқық қорғау қызметі, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстатуға қарсы тұру бойынша ынтымақтастық жасау, сонымен қатар Қазақстанның қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Еуропа Кеңесінің конвенцияларына қосылуы, екіжақты шарттық-құқықтық негізді кеңейту және нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар терроризмге қарсы іс-қимыл, ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жедел ақпаратпен және жұмыс тәжірибесімен алмасудың шеңберінде күш біріктірудің ерекше өзектілігіне тоқталып, екі елдің арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап көрсетті.

А.Дауылбаев екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ақпарат және жұмыс тәжірибесін алмасудың өзектілігін атап өтті. Экономикалық қылмыстарды, алаяқтықты, қылмыстық жолмен табылған қаражатты жылыстату және оларды қайтаруға қатысты экономикалық қылмыстарды анықтау және тергеу проблемаларына ерекше назар аударылды. 

Тараптар қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне тиімді түрде тосқауыл қою, қылмыспен күрестің аймақтық мәселелерін шешудің ортақ тәсілдерін әзірлеу үшін екі елдің құзіретті органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.