Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Грузияның Бас прокурорымен екіжақты кездесуі туралы баспасөз ақпараты (21 мамыр 2013 жыл, Астана қ.)

21 мамыр 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Грузияның Бас прокуроры Арчил Кбилашвилимен кездесуі өтті.

Кездесу барысында А.Дауылбаев Грузияның құзырлы органдарымен екі елде заңдылықты нығайту және құқықтық тәптіпті қамтамасыз ету мәселелеріндегі жемісті ынтымақтастықты жоғары бағалады. Ол осы сапардың Қазақстан мен Грузияның қадағалаушы органдарының арасында қалыптасқан ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болып табылатынын, сонымен бірге тараптардың қалыптасқан қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екендіктерінің дәлелі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанның Бас Прокуроры шетелдік әріптесін Қазақстан прокуратура органдарының қызметіндегі басым бағыттар, халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты нығайту бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар туралы, сондай-ақ Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау барысы жөнінде хабардар етті.

Кездесу барысында көкейкесті ведомствоаралық сұрақтар бойынша сындарлы әңгіме мен пікір алмасу болды, оның ішінде ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күрес саласында, сонымен бірге қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету аясында, А.Дауылбаев аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмыстылыққа қарсы күрес мәселесінде бірлескен міндеттерді одан әрі бірігіп шешудің өзектілігі артатындығын атап өтті.

Өз кезегінде, Грузияның Бас прокуроры қазақстандық әріптесіне көрсеткен қабылдауына алғысын білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін атап өтті. Ол сонымен бірге Грузияның құқықтық жүйесінің реформалау барысын хабардар етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибесімен бөлісті.

Келіссөздер нәтижелері бойынша өзара түсіністік туралы водомствоаралық Меморандумға қол қойылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.gov.kz

twitter.com/#!/GenProkRK, facebook.com/GenProkRK, youtube.com/user/GenProkRK, vk.com/Basprokuratura, el.kz/b194634, genprokrk.yvision.kz, kaztube.kz/ru/channel/62212

kiwi.kz/user/GenprokRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу