Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі жоғарғы комиссарымен кездесуі туралы баспасөз ақпараты ( Астана, 23 маусым 2014 ж.)

23 маусым 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астанада Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі  Жоғарғы комиссары Астрид Турспен кездесуі өтті.

Бас Прокурор қонақты прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары, Қазақстанның адам құқықтарын қорғау кепілдемелерін күшейту саласында қабылдаған нақты шаралары жөнінде хабардар етті.

Кездесу барысында адам құқықтарын сақтаудың өзекті мәселелері бойынша сындарлы сұхбаттасу болды. Тілдер туралы заңдардың міндеттемелерін орындау, құқық қорғау қызметінде және сот жүргізу ісінде тілдерді қолдану мәселелері, сондай-ақ дискриминация мәселелері пікір алмасудағы басты тақырыпқа айналды.

А.Турс аталмыш кездесуді аса маңызды ретінде қарастыратындығын баса айтып, болып өткен сұхбатқа, сонымен қатар адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық пен белсенді өзара ықпалдастыққа ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ А.Дауылбаев Қазақстан Бас прокуратурасының осы бағыттағы диалогқа және бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендігін растады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу