You are here

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельдің «Процестік заңнаманы жаңғырту – сот төрелігі мен құқық қорғау қызметі тиімділігінің кепілі» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзі (2016 жылдың 4 наурызы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚК мен ҚПК новеллаларын қолдануды талдау

Өткен жылғы жұмыс қорытындыларын талдау ҚПК жаңа институттарының тиімділігін көрсетті.

Қылмыстық істі қозғау сатысы мен тергеуге дейінгі тексеруден бас тарту нәтижесінде:

- адвокат өз клиентін арыз Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген сәттен бастап қорғай алады;

- жәбірленушінің құқықтары анағұрлым жылдам қалпына келтіріледі;

- азаматтарды алдымен айғақтар беру үшін, содан кейін қылмыстық іс қозғалғаннан кейін бірнеше рет шақыру әрекеттері артта қалды, бұл мембюджеттің артық шығын шығаруына әкеп соқты және азаматтардың наразылықтарын тудырған еді.

СДТБТ жүргізуді автоматтандыру:

біріншіден, процестің басталуын тіркеуді жеңілдетті;

екіншіден, жазбаша арыздардың бірыңғай форматын енгізуге мүмкіндік берді.

Бұл  формуляр мән-жайларды егжей-тегжейлі баяндауды талап етеді және көптеген адамдардың «кірмей жатып» «жалған» арыз жазу ықыласын жояды, себебі бұл үшін болатын жауаптылық егжей-тегжейлі түсіндіріледі, қазір бұл 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін апарады;

үшіншіден, тергеп-тексеруді «он-лайн» режимінде қадағалауға мүмкіндік береді;

төртіншіден, полицейлерге азаматтар жүгінген кезінде болатын полицей тәртібі енгізілді.

Бұл азаматтардың сеніміне оң әсер етеді деген ойдамын.

Криминалдық сипаттан тыс барлық хабарларды сүгзіден өткізу жүйесі айқын реттелген.

Нәтижесінде, қылмыстық-процестік жолмен тексерілген материалдар саны  екі есеге дерлік немесе 550 мыңға азайды (2014 жылғы 1 млн. 262 мыңмен салыстырғанда 2015 жылы 713 мың).

Әңгіме 2014 жылы қылмыс оқиғасы мен құрамының болмауына байланысты 720 мың бас тарту материалдарының ресімделгені және 32 мың қылмыстық істің тоқтатылғаны жайлы болып отыр.

Ал 2015 жылы осы негіздер бойынша бар болғаны  229 мың қылмыстық іс тоқтатылған болатын.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталу тәртібінің өзгеруінен 2015 жылы тоқтатылған қылмыстық істер бұрын бас тарту материалдары болар еді, егер осыны ескерсек, полициядағы іс жүргізу шамамен 550 мыңға азайды.

Бұндай прогресс басқа қылмыстарды ашуға көбірек уақыт берді деп ойлаймын.

Сонымен қатар, тергеп-тексерудің жеңілдетілген нысандары мен жүктемені төмендетті.

Соттарға жеделдетілген тәртіпте және хаттамалық нысанда құқық бұзушылықтардың үштен бірі жіберілді (64 мыңның 20 мыңға жуығы).

Кінәні мойындау туралы мәмілемен соттарға сонымен қатар 4 мың қылмыс туралы істер жіберілді. Соттарда олар  1-2 күнде қаралады және жоғары тұрған сот сатыларына шағым беру жағдайлары сирек.

Бітімге келу негіздерін кеңейту есебінен тараптар сотқа дейін бітімге келген істердің саны 11 мыңға  а немесе үштен бір есеге артты (34 мыңнан 45 мыңға дейін).

Бұл ретте, осндай қылмыстар бойынша сотқа 2014 жылмен салыстырғанда 9 мың іске аз көлемде жіберілді.

Сотқа жіберілген істердің жалпы өсімі (7,2%-ға) теріс қылықтарды енгізу арқылы болды.

Күзетпен ұсталатын адамдардың саны 2 мыңнан артық адамға (12 мыңнан 10 мыңға дейін) азайды.

Жалпы бұлтартпау шарасын қолдану практикасы 2015 жылы түбегейлі қайта қаралды.

Кепіл 337 пайызға артық мөлшерде қолданылды және абсолютті сандарда оның қолданысы 3 мың жеті жүзден  16 мың екі жүзге дейін артты.

Ал бұндай рәсім кезінде кепілді бұзушылық тек 7 жағдайда ғана орын алды, олар бойынша  5 адам ұсталды және тек 2-і ғана іздеуде жүр.

Кепіл заттары прокурордың ұсынымымен 198 млн. теңгеден артық сомаға мемлекет кірісіне айналдырылды.

Жеке кепілгерлік саны 3 мыңға немесе 436,4%-ға (55-тен 1945-ке дейін) өсті.

Соттар 8 мыңнан астам адаға қатысты күзетпен ұстауды санкциялау кезінде кепіл сомаларын белгіледі. Бұны 300-ден астам қамаудағы адам пайдаланды, бұл ретте олардың бір де бірі тергеу мен соттан жасырынған жоқ.

Тергеу судьялары 548 адамның айғақтарын сақтап қойды, бейнебайланыс құралдары арқылы 21 қашықтықтан жауап алу жүргізілді.

2015 жылы тергеу судьясына тұрғын жайды тексеруді, тінтуді, алып қоюды, жеке тінтуді санкциялау бойынша қосымша өкілеттіліктер берілді.

Жаңа ҚПК-де қорғаушының өкілеттіліктерінің айтарлықтай кеңейтілгендігін, оның ішінде қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында кеңейтілгендігін атап өтпеуге болмайды.

 

Адвокат енді тергеу судьясының алдында бұрын ол жауап алған куәні мәжбүрлеп әкелу туралы, айғақтарды сақтап қою, сараптама тағайындау туралы, қорғалушының мүдделерін қорғау үшін қажетті мәліметтер, құжаттар, заттар талап ету туралы өтінішхат беруге құқылы.

Енді заттар, құжаттар, мәліметтер, сондай-ақ қорғаушы ұсынған өзге де деректер міндетті түрде іс материалдарына қоса тіркеуге жатады.

Адвокаттардың сараптама тағайындау туралы және құжаттарды іс материалдарына қоса тіркеу туралы 37 өтінішхаты қаралды және оның 6-ы қанағаттандырылды.

Ол адамдардан жауап алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланып жауап алуға құқылы.

Сондай-ақ шарттық негізде сарапшының, маманның қорытындыларын өз бетінше алуға және осындай қорытындыларды іске қоса тіркеу туралы өтінішхат беруге құқылы.

Осы өкілеттіліктердің барлығы құзыреттілікпен пайдаланылған жағдайда, бұл сотқа дейінгі сатыда іс жүзіндегі жарыс жағдайын жасайды.

Жалпы түрме тұрғындарының индексін төмендету бойынша оң ілгерілеуге қол жеткізілді.

Сотталғандардың 76%-дан астамы (2014 жылғы 63%-бен салыстырғанда)  бас бостандығынан айырудан тыс жазалар алды.

Айыппұлдар саны 7 есеге (835-пен салыстырғанда 6 мыңнан астам), ал қоғамдық жұмыстар саны 4 есеге  (660-пен салыстырғанда 3 мың 400-ге жуық) артты.

Парақорлық туралы істер бойынша «еселік айыппұлдар» тағайындалатын болды. Олардың жалпы сомасы 3 жарым млрд. теңгеге жуық соманы құрды.

Процестік прокурор институтын енгізу өз нәтижесін көрсетуде.

Арыздар мен хабарларды СДТБТ-де тіркеу сәтінен бастап тергеп-тексеруге прокурорлардың процестік басшылық етуі 1 мың 267 іс бойынша жүзеге асырылды.

Оларды тергеп-тексерудің (61%) және кейін сотқа жіберудің (49%) тиімділігі қалған қылмыстық істер бойынша осыған ұқсас көрсеткіштерден анағұрлым артық болды.

Жаңа кодекстерді қолдану мониторингі

Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап пайда болған проблемалы мәселелер ведомствоаралық топтарда қаралды, оларға қылмыстық қудалау органдары басшылығының өкілдері және Жоғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша алқалары кірді.

Сонымен бір мезгілде, осы мониторинг шеңберінде меморгандар жаңа ҚПК-ге енгізілетін түзетулер кестесін жасады.

Оларға новеллаларды одан әрі жетілдіру туралы ұсыныстар, сондай-ақ кемшліктер мен ішкі қайшылықтарды жою бойынша ұсыныстар енгізілді.

Аталған кестелер Құқықтық саясат жөніндегі кеңес пен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарында талқыланды.

Негізгі ережелеріне тоқталып өтейін.

Қылмыстық теріс қылық жасаған адам анықталмауы себебінен жауаптылыққа тарту мерзімі өтіп кеткеннен кейін қылмыстық теріс қылық туралы істі тоқтату мүмкіндігін көздеу ұсынылады.

Бұл бір жыл өткеннен кейін жасалған теріс қылық қоғамдық қауіптілігін жоятындығына және адамды жазалау, жазалау мақсаттары тұрғысынан жөнсіз шараға айналатындығына байланысты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруды бағамдамайтындығын, және осы уақытта іздестіру шаралары мен жасырын тергеу амалдарын жүргізу мүмкін болатындығын түсіндіру ұсынылады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу және іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз ретінде сарапатма тағайындауды көздеу ұсынылады, себебі практикады оны жүргізу айтарлықтай уақыт аралығын алуы мүмкін.

Жүргізілетін тінту, алып қою, жеке тінту туралы деректерді жария етпеу және оларды жүргізудің мәнін жоғалту бойынша одан әрі болатын «перспективаны» жою мақсатында, ҚПК 56-бабында тергеу судьясы санкциялаған қаулы тек қадағалаушы прокурор мен санкцияланатын тергеу амалын жүргізуге бастамашылық еткен адамға ғана жіберілетіндігі туралы түзету енгізуді көздеу ұсынылады.

Кепіл қолданудың қосымша мақсаты ретінде сондай-ақ күдіктінің жаңа қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауын ескертуді де бекіту ұсынылады.

Сот ісін жеңілдету мақсатында қылмыстық қудалау органының прокурорда үзілген мерзімді немесе тоқтатылған қылмыстық істі қайта бастаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту міндетін алып тастау ұсынылады.

ІІМ мен ҰҚК жасырын тергеу амалдары қатарынан жасырын бақыланатын жеткізілім, жасырын қылмыстық әрекет енгізу және (немесе) имитациялау) секілді түрлерін алып тастауды және оларды ЖІҚ туралы Заң шеңберінде сақтауды ұсынады, себебі оларды жүргізу қылмысты анықтау және дәлелдемелер табу құралы болып табылады (қызметтік іздеуші ит қолдану, жергілікті жерлерді тексеріп шығу және т.с.с секілді жалпы жедел іс-шараларына ұқсас).

Тексерістер, ревизиялар белгілеу рәсімін жеңілдету мақсатында, ҚПК 260-бабының 2-бөлігінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның оларды прокурормен алдын ала келісу міндетін алып тастау ұсынылады.

Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін 10 тәулікке дейін ұзарту, ал теріс қылықтар бойынша дәлелдемелер жинауды жеделдетілген іс жүргізу мерзімдеріне ұқсас мерзімде жүзеге асыру ұсынылады.

Сондай-ақ нормалардың түпнұсқалылығына, рәсімдік мәселелерді жеңілдетуге және редакциялық түзетуге байланысты өзге де түзетулер бар.

Куәлар дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда оларды мәжбүрлеп әкелуді тек тергеу судьясының санкциясымен ғана жүзеге асыру, сондай-ақ дәлелді себептер тізбесін неғұрлым егжей-тегжейлі баяндау туралы ұсыныстар бар.

Бүгінгі күні осы мәселедегі еуропа елдерінің тәжірибесі туралы тыңдағанымыз жөн болар!

Жаңа ҚПК-ні әзірлеу барысында біздің ұстап алудың қысым жасау және «керек айғақтар» алу құралына айналмауына шаралар қабылдағанымызды атап өткен жөн.

Бұл туралы бізге ресейлік әріптестеріміз ескертті, олар репрессия жылдары орын алған трагедиялық асыра сілтеушіліктердің қайталануынан қауіптеніп, қылмыстық істі қозғау сатысынан бас тартуға асқан сақтықпен қарайды.

Сондықтан біз ескі ҚПК-де болған, адамның әрекетке қатыстылығын анықтау түріндегі ұстап алу мақсатын жойдық.

Ол неғұрлым негізді болуы үшін, адам қылмыс жасау кезінде немесе оны жасағаннан кейін тікелей үстінен түсу жағдайларын қоспағанда, ұстап алу тек шұғыл әрекеттер жасалғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін екендігін ескерттік.

Өздеріңіз білесіздер, Еуропаның көптеген елдерінде ұстап алуды, мысалы тергеу судьясы санкциялайды. Бәлкім бізге де осы жолмен жүру қажет шығар.

Әріптестерімнен осы мәселе бойынша да өз пікірлерін білдіруін сұраймын!

Қылмыстық процестегі қауіпсіздік шараларын қолдану үшін сот бақылауын кеңейту келешекте болатын іс деп ойлаймыз, себебі олар да азаматтардың конституциялық құқықтарына қатысты  болуы мүмкін.

Сонымен қатар, жақында Германияның тәжірибесін талдадық, онда медицина қызметкерлері тек қандай да бір криминалдық белгілерін анықтаған жағдайда ғана мәйіт пен оқиға орнын тексеру үшін полиция мен прокурорды шақырады.

Мүмкін бізге де осы тәжірибені қарап көру қажет шығар, алайда тергеу болған кезде прокуратураларға біз барлық мәйіттерге шыққан болатынбыз.

Қылмыстық процесті реформалау жөніндегі одан арғы болжам

Жалпы қылмыстық-процестік заңнаманың жаңа моделіне көшу іске асырылды.

Сот ісі жеңілдетілді және азаматтардың қорғалу деңгейі айтарлықтай артты.

Дей тұрғанмен оны одан әрі жетілдіру мүмкіндіктері түгесілген жоқ.

Атап айтқанда, Германияда сотқа дейінгі сатыда процестің басшысы прокурор болып табылады.

ГФР полициясының қызметі құқық бұзушылықтардың іс жүзіндегі мән-жайларын анықтауда және бекітуде. Сот бақылауы айыпталушының құқықтарын шектейтін барлық шешімдерге қолданылады.

Сондықтан бізге шетелдік қонақтарымыздың пікірлері мен тәжірибесі өте қызық.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.