Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Беларусь Республикасына сапары туралы баспасөз ақпараты

21 шілде 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Минск қаласына жұмыс сапары барысында Беларусь Республикасының Бас прокуроры Александр Конюкпен кездесті.

А.Дауылбаев Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық одақтас сипатқа ие екендігін атап өтіп,А.Конюкке Беларусь еліне шақыруы үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында тараптар қалыптасқан екіжақты қарым-қатынастар мен бұдан былайғы ынтымақтастықтыңкелешегі жайлы пікір алмасты.

А.Дауылбаев екі елдің бас прокуратураларының арасындағы ынтымақтастықтың көп жақты да, екі жақты да нысандарда жемісті түрде жүзеге асырылып келе жатқандығын атап көрсетті.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстар, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру, терроризм мен экстремизм, сондай-ақ есірткіге қатысты қылмыстар жөніндегі мәселелер талқыланды. Тұрақты негізде жедел ақпарат алысу, халықаралық ынтымақтастықтағы жәнесалалықозық тәжірибелерді бөлісу үшін мамандар алмасу жөніндегі келісімге қол жеткізілді.

Кездесу нәтижесінде Бас прокуратуралар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге және Астана мен Минск қалалары прокуратуралары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсімінен кейін өткенбаспасөз конференциясында Қазақстанның Бас Прокуроры қол қойылған ведомствоаралық келісім екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және қылмыспен күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне маңызды үлес қосуға қызмет ететіндігін атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу