You are here

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Америка Құрама Штаттарына сапары туралы (Вашингтон қаласы, 2015 жылғы 18 ақпан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Америка Құрама Штаттарына жасаған сапары аясында Бас  Прокурор Асхат Дауылбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының айрықша тапсырмалары жөніндегі кеңесшісі Томас Шэннонмен және Есірткімен күрес жөніндегі басқарма Директоры Мишель Леонхартпен кездесті.          

АҚШ Мемлекеттік хатшысының кеңесшісімен өткізілген келіссөз барысында Қазақстанның Бас Прокуроры қазақстандық прокуратураның заңдылық пен құқықтық тәртіпті, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметінің негізгі бағыттары  туралы баяндады.

Сонымен қатар Қазақстан Бас прокуратурасының американдық құзырлы органдармен өзара ынтымақтастық қағидасы негізінде қылмысқа қарсы әрекет ету, қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді ұстап беру саласындағы белсенді жұмыстары атап өтілді.

Сұхбаттасушылар қазіргі әлемнің жаһандық қауіп-қатерлеріне қарсы тұру мақсатындағы екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтыбұдан әрі жалғастыруға қатысты пікір алмасты.  Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, адам құқықтарын қорғау салаларындағы өзара әрекеттестікке байланысты мәселелер қарастырылып, сондай-ақ экстремизмге қарсы күресте ортақ шешімдер және бірлескен шаралар әзірлеуге бірегей мүмкіндік туғызады деп күтіліп отырған алда өтетін Саммит жұмысы туралы да сөз қозғалды. 

Шарттық-құқықтық негізді кеңейту және нығайту мәселесі сұхбаттың дербес тақырыбына айналды. Қол қоюға дайындаудың ең соңғы кезеңін өткеріп жатқан Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы екі ел арасындағы шартты жасасу Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының құқықтық ынтымақтастығын дамытуда айрықша серпін беретінін тараптар атап айтты.

Есірткімен күрес жөніндегі басқарма директорымен болған кездесу барысында есірткі саудасына қарсы күрестегі екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, есірткі транзиті мен жеткізу жолдарын анықтау жөніндегі бірлескен іс-шаралардың нәтижелері атап өтілді.

А.Дауылбаев Нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес жөніндегі салалық бағдарламаны іске асыру аясында заңсыз есірткі айналымына қарсы әрекет ету бойынша елімізде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді, сонымен қатар Қазақстанның құқық қорғау және арнайы қызметі қызметкерлері үшін Квантико қаласында орналасқан Есірткімен күрес жөніндегі басқарма академиясында оқу семинарлары мен тренингтерін өткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сұхбаттасушылар трансұлттық есірткі бизнесіне қарсы тұру бойынша одан әрі күш жұмылдыруға, сондай-ақ осы салада жедел ақпарат, тәжірибе және заңнама алмасуға дайын екендіктерін баса айтты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.