Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының Корей Республикасына сапары туралы баспасөз хабарламасы (Сеул қ., 2015 жылғы 22-25 маусым)

25 маусым 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Андрей Кравченко бастаған Бас прокуратураның өкілдері Корей Республикасында жұмыс сапарымен болып, оның барысында Корей Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ким Су-Наммен кездесті.

Кездесу барысында ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылаған тараптар осы кездесу қадағалау органдары арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасты одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Корей прокуратура органдарының жұмысында ең жаңа технологияларды пайдалану жөнінен тәжірибе алмасу үшін маңызды қадам болып табылатындығын атап өтті.

Тараптар екі елдің құзырлы органдары арасында достық қарым-қатынастың берік қалыптасқандығына кеңінен тоқталды.

А.Кравченко өз әріптесін Қазақстанның прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар етті, сондай-ақ азаматтардың халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, оның ішінде бизнес-ортада қол жетімділігін ұйымдастыру, құпиялылық пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі технологияларға үлкен қызығушылық білдірді.

Пікіралмасудан кейін Ким Су-Нам қазақстандық делегацияның Корей мемлекеттік сандық сот сараптамасы орталығының жұмысымен, атап айтқанда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кибер-қылмыстарды тергеу жүйесімен, сондай-ақ «E-Pros» порталдық жүйесімен және Қылмыстық-құқықтық қызметтегі Корей ақпараттық жүйесімен танысуға мүмкіндік берді.

Жүздесу соңында тараптар өздерінің бұдан әрі де сындарлы да жемісті ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін атап өтті.

Бас прокуратураныңбаспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу