You are here

Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2015 ж. 15 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Астрид Турс ханыммен кездесті.

Бас Прокурор Жоғарғы комиссарды ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету және аз ұлттардың құқықтарын бұзуға жол бермеу шаралары жөнінде хабардар етті.

Кездесу барысында адам құқықтарын сақтаудың өзекті мәселелері бойынша сындарлы сұхбат өрбіді. Тіл туралы заңның қолданылуы, сондай-ақ ұлттық және тілдік белгілер бойынша кемсітушілік мәселелері әңгіменің өзекті тақырыбына айналды.

А.Турс ханым кездесу аясындағы мазмұнды пікір алмасуға, сонымен қатар адам құқықтарын қорғау саласындағы қол жеткізілген ынтымақтастық пен өзара белсенді ықпалдастыққа ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде А.Дауылбаев Қазақстанның Бас прокуратурасы осы бағыттағы диалогқа және бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екендігін мақұлдады.

А.Турс ханыммен болған бұл кездесу былтырғы жылдың маусым айында болып өткен жүздесудің жалғасы екендігін атап өткен жөн. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.