Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің сөйлеген сөзінің мәтіні

20 ақпан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұдан бұрын хабарланғандай, құқық қорғау органдары «Центр Кредит» Банкі, «Каспи Банкі» және «Альянс банкінің» банкрот алдындағы жағдайы туралы жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестірудің кешенді шараларын жүргізуде.      

Мұндай жалған ақпараттың аталған қаржы ұйымдарына айтарлықтай зиян келтіріп, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің өршуіне әкеп соққаны белгілі.      

Бүгінгі күнге дейін банктердің қаржылық ахуалы туралы жалған ақпараттың алғаш таратылуына қатысы бар бірнеше адам анықталып, ұсталды.

Ұсталған адамдар істегендерін мойындап, тиісті түрде жауап беруде және мұндай әрекеттерге баруларының жай-жапсары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Олардың арасында алматылық заң компанияларының бірінің қызметкерлері және банк заңгері бар.

Олардың жауаптары басқа анықталған және ұсталған адамдардың түсініктемелері сияқты мұқият тексерілуде.

Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары қарастырылып отырған көрінеу жалған ақпаратты дайындау және таратуға кінәлі барлық адамдарды әшкерелеу және жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдауда.

Істің нақты мән-жайларына қарай әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы мәселе шешілетін болады.     

Зардап шеккен банктер материалдық зиянды өтеу туралы талап-арыздар енгізу бойынша жұмысты бастады. 

Сонымен қатар, біз Парламентке елеулі зиян және ауыр салдарларға әкелуі мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде ұсыныстар енгіздік.

Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарға, БАҚ өкілдеріне шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратудан бас тарта отырып, осы мәселелерге неғұрлым жауапкершілікпен қарау туралы өтініш жасайды.        

 Жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы мен нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу