You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің брифингте сөйлеген сөзінің мәтіні (2013 жылғы 27 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдарымен азаматтардың, әсіресе олардың жалақыны уақтылы алу бөлігіндегі еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

Қабылданған шаралармен проблемалы кәсіпорындардағы жалақы бойынша берешектің тұрақты төмендеуіне қол жеткізілді.

2010 жылдың басына мерзімі өткен берешектің сомасы 4,6 млрд. теңгені құрағанын естеріңізге саламын (18 мыңнан аса жұмысшылардың алдында).

Қазіргі уақытта бұл сома 1,1 млрд. теңгеге дейін азайды (8 мың жұмысшылардың алдында).

Мұндай нәтижеге уәкілетті органдармен өзара әрекеттесу, сондай-ақ анағұрлым проблемалы жұмыс берушілерге бірлескен күш-жігерді шоғырландыру мүмкіндік берді.

Мысалы, соңғы жылдың ішінде біз «Трансстроймост» АҚ (Алматы облысы) кредиторларының тізбесінде есепке алынбаған жұмысшыларды іздеу және аталған құжатқа енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік.

Прокурорлардың күш-жігерімен жалақы бойынша алашағы 150 млн. теңгеден асатын қоғамның 700 астам жұмысшысы қосымша анықталды.

Осылайша аталған АҚ 2 мың жұмысшының алдындағы 400 млн. теңгеден асқан 5 жылдық борыштың мейлінше шынайы сомасы қалыптастырылды.

Бүгінге прокуратура органдарының тікелей қатысуымен және көмегімен аталған сома толығымен өтелді.

Мерзімі өткен берешектің жалпы сомасының (512,1 млн. теңге) жартысы банкротталып (оңалтылып, жойылып) жатқан кәсіпорындарға келетінін атап өту қажет.

Осыған байланысты прокурорлар аталған ұйымдарда банкроттық туралы заңнаманың сақталуына ерекше назар аударады.  

Соңғы тексеру мүлікті сату бойынша шаралар қабылдамау, конкурстық өндіріс мерзімі шектерінен шығу, сондай-ақ конкурстық массаны тиімсіз жұмсау фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, тексеру нәтижелері мүлікті сатудан түсетін қаржылай қаражаттың елеулі бөлігі бар борыштарды өтеуге емес, конкурстық басқарушылардың әкімшілік шығындарына жұмсалатынын көрсетеді.

Мысалы, 2012 жылы Алматы облысының кәсіпорындарының бірін («3087-Р-әскери үлгідегі агропромтранс көлік колоннасы») банкроттау ресімдерін жүзеге асыруға конкурстық басқарушы 750 мың теңгені, яғни кәсіпорынның жұмысшылар алдындағы 3 млн. теңгені құрайтын борышының үштен бір бөлігі дерлігін жұмсаған.

Бұл ретте, жыл бойы теңгерімде бар мүлікті сату мен борыштарды өтеу бойынша қандай да бір шаралар қабылданбаған. Прокурордың ұсынысы бойынша конкурстық басқарушы босатылды.

Жалпы алғанда, жыл басынан прокуратура органдарымен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласында 18 қылмыстық іс қозғалды, 2700 астам қадағалау актісі енгізілді, олар бойынша әртүрлі жауапкершілікке 2422 тұлға тартылды, 102 мыңнан аса жұмысшыға 7,2 млрд. астам теңгені құрайтын сомаға жалақы бойынша берешектің өтелуі қамтамасыз етілді.  

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

***

Прокурорлық қадағалаудың тағы бір басым бағыты болып кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау табылады.

Ағымдағы тоқсанда прокуратура органдарымен «Шенеунік және кәсіпкер» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді.

Акция барысында ауылдық кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерінің сақталуына ерекше назар аударылды, ол үшін елдің ауылдары мен кенттеріне арнайы бару арқылы кездесулер ұйымдастырылды.

Прокурорлармен акция шеңберінде жалпы 4,5 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылды, 27 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері қатысқан кәсіпкерлермен 1,5 мыңнан аса кездесулер өткізілді.

Акция барысында келіп түскен өтініштер бойынша 115 тексеру жүргізілді, 123 ықпал ету актілері енгізілді және олар бойынша қазіргі уақытқа 90 астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкерлермен кездесу заң бұзушылықты анықтау және жоюмен қатар оларда, әсіресе ауылдық аймақтарда бар проблемаларды анықтауға да мүмкіндік берді.

Мысалы, Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы кәсіпкерлерге электр желілеріне қосылуға рұқсат алу үшін аудан орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы Алматы қаласында орналасқан «Алатау жарық компаниясы» АҚ өтінуге тура келетіні анықталды.

Қазіргі уақытта прокуратураның бастамасымен Компания желілерге қосылуға барлық рұқсатты өтінушінің Бас офиске бармастан аудандық филиалда ресімдеу мүмкіндігі туралы мәселені шешті. 

Кездесулер барысында кәсіпкерлерден сондай-ақ заңнаманы жетілдіру, кейбір рұқсат ету ресімдерін оңтайландыру және жеңілдету бойынша ұсыныстар келіп түсті. Олардың барлығы бізбен нормашығарушылық қызметке қатысу барысында ескерілетін болады.

Акция нәтижелері бойынша айтылған жағымды пікірлерді ескере отырып, бізбен бизнес өкілдерімен әртүрлі форматтағы тікелей диалогты жүргізу тәжірибесі жалғастырылатын болады.

Дей тұрғанымен, прокурорлармен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша шаралар ағымдағы қадағалау қызметінің шеңберінде тұрақты түрде қабылдануда.

Интернет немесе ұялы байланыс арқылы (www.pravstat.prokuror.kz сайты, 1012 нөміріне қысқаша хабарлама) тексерулер жөнінде толық ақпаратты On-line режимінде алуға мүмкіндік беретін «Бизнес тірегі» жобасы сәтті іске асуда (жоба жұмыс істегеннен бастап оның қызметін 19 мыңнан астам кәсіпкер пайдаланды).

2009 жылдан бастап барлық прокуратуралардың жанында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Мобильді топтар жұмыс істеуде (телефондар тізімі www.prokuror.gov.kz сайтына орналастырылған), тек осы жылы аталған топтармен 3,5 астам бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысында Мобильді топпен тексерушілер кейпінде дәріханаларды аралап, айыппұл төлетіп жүрген бақылау органдары бірінің машықтанушыларының қылмыстық әрекетінің жолы кесілді.

Ал Алматы облысында кәсіпкерлерге «айыппұлды» өздерін түрлі тексеруші құрылымдардың қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген штаттағы және штаттан тыс сот орындаушылар салып жүрген. Прокуратура мобильді тобының жедел әрекеттерінің арқасында алаяқтар әшкереленіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

А.ж. 10 айы ішінде прокурорлық ықпал ету актілері бойынша бақылаушы-қадағалаушы органдардың жоспарларынан 1718 кәсіпкерге қатысты заңсыз жоспарланған 2638 тексеру алынып тасталды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке 272 лауазымды тұлға тартылды.

Мысалы, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік СанЭпид қадағалау Басқармасы бөлімшелерінің 3 басшысы 227 кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді заңсыз жоспарлағандары үшін тәртіптік жазаға тартылды.

Жалпы алғанда, аталған мерзім ішінде бизнес субъектілеріне қатысты 4 808 тексеру түрлі себептермен заңсыз деп танылды, олар бойынша 646 прокурорлық қадағалау актілері енгізілді және 1 208 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды (1 093 – тәртіптік, 114 – әкімшілік, 1 - қылмыстық).

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды одан әрі жетілдіру және тексерулер санын қысқарту бойынша жұмыстың шеңберінде Бас прокуратура Үкіметпен бірлесіп, келесі бағыттардағы мәселелерді пысықтауда:

- жоспардан тыс тексерулерді бастама етуге құқығы бар тұлғалар тізбесін шектеу және «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңның 16-бабы 7-тармағының 2-тармақшасын анағұрлым егжей-тегжейлі мазмұндау (жоспардан тыс тексерулерді бұған уәкілетті емес тұлғалармен және дәйексіз болжамдармен тағайындауды болдырмауға мүмкіндік береді);

- тәуекелдің болмашы дәрежесіндегі субъектілерді жоспарлы тексерулерден бас тарту (бұл бастаманы іске асыру бақылау функцияларын қызметі тұрғындардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ заңмен қорғалатын мемлекет мүдделеріне мейлінше жоғары қауіппен ұштасқан бизнес субъектілеріне шоғырландыруға мүмкіндік береді);

- тәуекелдерді бағалау мен тексерулерді жоспарлау жүйесін автоматтандыру (тексерулерді жоспарлау үрдісіне ықтимал субъективті көзқарасты болдырмауға мүмкіндік береді).

Келтірілген ұсыныстарды іске асыру бар проблемаларды жоюға және тексерулер санын елеулі түрде азайтуға (2 еседен астам) мүмкіндік береді деп санаймыз.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.