You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің сөзі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2012 жылғы 25 желтоқсанда Шымкент маңында Шекара қызметінің АН-72 әскери-көліктік ұшағы апатқа ұшырап, экипаждың барлық мүшелері және оның жолаушылары мерт болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бұл факт бойынша әскери прокуратурамен Қылмыстық кодекстің 392 бабы бойынша («Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу») қылмыстық іс қозғалды.

Осы қайғылы оқиғаны тергеу үшін прокуратура, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының ең тәжірибелі тергеушілері мен қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорының басшылығымен жұмыс жасауда.

Апаттың мән-жайларын зерттеуге Қорғаныс министрлігінің, ішкі істер, әділет және денсаулық сақтау, сондай-ақ авиация органдарының ең білікті сарапшылары мен криминалистері тартылды.

Сонымен қатар, ұшақтың құлауының мән-жайларын тергеуге қатысу үшін Украинадан «Укрспецэкпорттың» және «Украина» авиациялық-жөндеу зауытының 7 маманы келді.

Қазіргі уақытта оқиға болған жерді қарау толықтай аяқталды, сот-медициналық сарапшылармен табылған денелер бөлшектерінің 27 тұлғаға тиемелдігі расталды.

Бүгінге қайтыс болғандардың туыстарымен 9 тұлға танылды, олар подполковниктер А. Айтманбетов, С. Досыбеков,  А. Шуканов және Вячаслав Рахман,  майорлар А. Ибраев және О. Голубев, аға сержант М. Қонақбай, сержант Г. Доламбаева  және кіші сержант П. Вязиков.

Тану жалғасуда, денелердің елеулі зақымдары бар мәйіттер бойынша геномдық сараптама тағайындалып, жүргізілуде.

Тергеумен қаза болғандарды тез арада идентификациялау және жерлеу үшін отбасыларына беру бойынша барлық қажетті шаралар қолданылатын болады.

Отандық мамандармен борттық өздігімен жазатын құралдың («қара ящик») мазмұнын ашу жүргізілуде, біз олардың қорытындыларын ең жуық уақытта күтудеміз, әрине, ең бірінші кезекте бұл жазылымдарды толық және сапалы ашу мүмкіндігінің болуына қатысты сұрақ.

Тергеу тобымен экипаждың бір-бірімен, сондай-ақ авиадиспетчерлермен тілдескен сөздерінің жазылымдары да алынып, зерделенуде.

Сондай-ақ, тергеумен әуе кемесінің құжаттары, авиа-жанармайының, ұшақты өңдеуге арналған арнайы сұйықтықтардың үлгілері, радиолокациялық ақпараттар алынып, олар сараптамалық зерделеу үстінде.

Ұшудың схемасы мен шарттары зерттелуде.

25 желтоқсанда «Казаэросервис» АҚ-ның метрологиялық қызметімен екі рет, сағат 13.00-де және 17.00-де, Оңтүстік Қазақстанның облыстық орталығымен авиабайланысы бар  барлық қалаларға Шымкент қаласы әуежайының үстінде 50 шақырым радиуста 300 метрден 7 600 метрге дейінгі биіктікте солтүстік-шығысқа қарай жылжып бара жатқан қатты мұздану қалыптасқаны жөнінде ескерту жіберілгені анықталды.

Осылайша, апатқа ұшыраған АН-72 өте қиын метеожағдайда қонуға келе жатқандығы қуатталады.

Тергеу жалғасуда. Аваиаапаттың барлық болуы мүмкін болжамдары тексерілуде.

Тергеудің барлық маңызды нәтижелері жөнінде біз жедел түрде қоғамды ақпараттандырып отырамыз.

***

Үлкен қоғамдық резонанс тудырған тағы бір қылмыс туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Бұл ретте үстіміздегі жылғы сәуірде Орал қаласында «Орал апталығы» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа шабуыл жасалғаны туралы айтып отырмыз.

Бұл факт бойынша кісі өлтіруге оқталу (ҚР ҚК 96-бабы) белгілерімен қылмыстық іс қозғалды.

Істі тергеу үшін ең үздік жедел және тергеу қызметкерлері тартылды, 500-ден аса куәлардан жауап алынды, жүздеген арнайы іс-шаралар жүзеге асырылды.

Осы қылмыстың ашылғандығы жөнінде хабарлаймыз.

Барлық 3 тікелей орындаушы, сондай-ақ бұрын сотты болған жергілікті «Тайпақтықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болып шыққан шабуылдың ұйымдастырушысы анықталды және ұсталды.

Қылмыстың орындаушылары жасаған қылмыстарын мойындады, жәбірленуші Ахмедьяров оларды оған қарулы шабуыл жасаған тұлғалар ретінде таныды.

Сезіктілердің кінәларын мойындау жөніндегі жауаптары Ахмедьяровпен болған беттестірумен, алынған травматикалық тапаншамен, сондай-ақ іс бойынша жинақталған басқа да дәлелдемелердің жиынтығымен расталды.

Үстіміздегі жылдың мамырында Ахмедьяровқа шабуыл жасады деген күдікпен қылмысты мойнына алған екі басқа тұлға ұсталғандығын атап өтеміз.

Алайда прокуратурамен жүргізілген тексерумен оқиғаның қылмысты жасау тәсілінде, уақытында және оқиғаның басқа мән-жайларында айқын келіспеушіліктер анықталды, жәбірленуші оларды шабуыл жасаушылар ретінде тани алмады.

Осыған байланысты, мойындау туралы берген жауаптарына қарамастан, прокуратурамен оларды қамаудан босату және қылмыстық қудалауды қысқарту туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі күні қамауға алынған қылмыстың ұйымдастырушысы жауап беруден бас тартуда, тергеу қылмыстың ниетін, сондай-ақ шабуылға ықтимал тапсырыс берушіні анықтауға бағытталған іс-шараларды жалғастыруда.

Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

***

Сөзімді прокуратура органдарымен өткізілген кезектен тыс аттестаттаудың түбегейлі қорытындысын жариялаумен аяқтағым келеді.

«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі №292 Жарлығына сәйкес прокуратура органдарының 4 673 қызметкері кезектен тыс аттестаттаудан өтуге тиіс болды.

Олардың ішінде жұмыстан шығуына байланысты 146 қызметкер аттестаттаудан өтуден бас тартты.

Барлық деңгейдегі аттестаттау комиссиялары 4 501 қызметкермен әңгімелесу жүргізді, солардың ішінде 4 088 қызметкер немесе 91 пайызы атқаратын лауазымына сәйкес келеді деп танылды.

Прокуратура органдарының аттестаттаудан жақсы өткен қызметкерлерінің ішінен 265 қызметкер кадр резервіне енгізуге немесе жоғары тұрған лауазымдарға тағайындауға ұсынылды.

Атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деп 413 қызметкер немесе жеке құрамның 9 пайызы танылды. Соның ішінде, 216 қызметкер лауазымын төмендетуге, 89 қызметкер – басқа қызметке (лауазымға) ауыстыруға, 108 қызметкер немесе 2,5 пайызы жұмыстан шығаруға ұсынылды.

Аттестаттауды өткізу барысында бізбен тестілеудің нәтижесін, сонымен бірге аттестаттаудан өтетін адамның кәсіби және моральдық қасиеттерін сипаттайтын ақпараттар, қызмет бабында көтермелеу, босату, жұмыстан шығару және басқа да ауыстырулар ескерілгенін атап өткім келеді.

Жалпы алғанда, осындай шараны өткізу прокуратура органдарында сапалы кадрлар құрамын қалыптастыруға, сондай-ақ заңнамалық тұрғыда жетілдіруді қажет ететін өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.

Сондықтан да, бүгінгі күні осы өткізілген кезектен тыс аттестаттау өзінің басты мақсатына – прокуратура органдарының жоғары білікті кадрлық әлеуетін қалыптастыруға, өз атына кір келтірген, біліксіз қызметкерлерден арылуға, кадр саясатын сапалы түрде өзгертуге және қадағалау органдарына халықтың сенімін арттыруға жетті деп айтуға болады.

Дей тұрғанымен, біздің алдымызда құқық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру міндеті тұр.

Өздеріңіз де білесіздер, Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында ведомствоаралық жұмыс тобын құруды және 2013 жылдың екінші тоқсанының аяғына дейін құқық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру бағдарламасының жобасын әзірлеуді тапсырды.

Аталған тапсырмалармен қатар, құқық қорғау органдарының кадр саясатының тұжырымдамасы әзірленетін болады. Жоғары аттестаттау комиссиясының базасында құқық қорғау органдарының кадр саясаты жөніндегі тұрақты түрде жұмыс істейтін құрылым құрылады, құқық қорғау және арнаулы органдар басшыларының лауазымдарына арналған президенттік резерв құрылатын болады.

Бұл шаралардың барлығы да азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ тұтас мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күш құрылымдарын қазіргі заманғы барлық талаптарға жауап беретін, білікті қызметкерлермен жасақтау мақсатында құқық қорғау органдарын одан әрі реформалауға бағытталып отыр.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.