You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз баяны (14 желтоқсан 2016 Астана қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылғы 9 желтоқсанда Франция Республикасының Мемлекеттік Кеңесі (ең жоғарғы әкімшілік құрылым) Ресей Федерациясының экстрадициялық сұранысына сәйкес Әбіләзовты Ресейге беру туралы Франция Премьер-Министрінің шешімін бұзып, оны қамаудан босатты.

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы бұл сұрақ бойынша өз ұстанымын ресми хабарлама арқылы білдірді.

Естеріңізге салайық, қазақстандық құқық қорғау органдарымен Әбіләзов мүлікті жымқыру және талан-таражға салу, қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру, банк қаражаттарын заңсыз пайдалану, өкілеттіктерді теріс пайдалану, ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарғаны үшін айыпталған.

Әбіләзовтың сыбайластары 7,5 миллиард доллардан астам қаржыны жымқырған.

Әбіләзовты айыптау жөніндегі қылмыстық іс 160-тан аса эпизодтан тұрады және ұлттық тергеу практикасындағы ең күрделі экономикалық істердің бірі болып табылады.

Бұл істің әрбір эпизоды жүздеген миллиард теңгені жымқыру немесе жылыстату туралы мәліметтерден тұрады.

Мысалы, Әбіләзовтың басқаруымен БТА Банк онымен аффилиирленген «Грантон» фирмасына 1,2 млрд. доллардан астам несие берген. Бұл несие бойынша әлемде атымен жоқ бұрғылау қондырғыларының түрі кепілге қойылған. Кепіл бойынша барлық құжаттар қолдан жасалған. Несие әлі күнге дейін қайтарылмаған және оны, іс жүзінде, Әбіләзов және оның сыбайластары жеке қажеттіліктеріне жаратқан.

Әбіләзовқа қарасты басқа компания - «Дэниелстрейдкорп» 52 млн. доллар мөлшерінде  несие алған. Кепіл ретінде 50 мың тонна тауық еті қойылған. Бұл мыңнан астам теміржол вагондары. Мұндай кепіл іс жүзінде ешқашан болмаған, құжаттары жалған. Несие қайтарылмаған, ал ақша оффшордағы есепшоттарға аударылған.

Барлық жымқырылған ақша депозиттерді қоса алғанда банк клиенттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың немесе БТА-ның шетелдік қаржы институттарынан алған қарыз ақшалары. 

Қылмыстық іс бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, себебі Әбіләзов пен оның кейбір сыбайластары жасырынып жүр.

Қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес құқық қорғау органдары айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалауды оны сотқа бергенше жалғастыруы тиіс.

Сондықтан Бас прокуратура айыпталушыларды ұстауға, тергеуді аяқтауға, істің сотта әділ қаралуын қамтамасыз етуге және келтірілген залалдың орнын толтыруға бағытталған заңмен көзделген барлық шараларды қабылдайды. 

Көптеген қылмыстары үшін Әбіләзов пен оның сыбайластары тек Қазақстанда және Ресей Федерациясында ғана емес, сондай-ақ бірқатар европалық мемлекеттермен, соның ішінде Украина және Швейцария тарапынан қудалануда, ал Ұлыбританияда ол 22 айға бас бостандығынан айырылған.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.