You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2014 жылғы 4 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары сеніп тапсырылған мүлікті иемденгендігі және талан-таражға салғандығы, алдау және сенімге қиянат келтіру арқылы бөтен мүлікті ұрлағандығы, заңсыз жолмен табылған ақша қаражаттарын заңдастырғандығы, банк қаражаттарын заңсыз пайдаланғандығы, өкілеттікті асыра пайдаланғандығы және қылмыстық топқа басшылық еткендігі бойынша (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен, 176-бабы 3-бөлігінің «а», «б» тармақтары бойынша – 24-бабының 3-бөлігімен, 177-бабы 3-бөлігінің «а», «б» тармақтарымен, 193-бабы 3-бөлігінің «б», «в» тармақтарымен, 220-бабының 1-бөлігімен, 228-бабымен, 235-бабы 3-бөлігімен қарастырылған) кінә тағылып отырған М. Әблязов басшылық жасаған қылмыстық топтың іс-әрекеттерін тергеу үстінде.

Барынша көлемді және күрделі қылмыстық істердің бірі болып табылатын бұл қылмыстық істің көлемі екі мың томнан асады және 150-ден астам эпизодтан тұрады. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жасаған әрекеттерінен келтірілген шығынның анықталған сомасы 7,5 млрд. АҚШ долларынан асады.

Қылмыскерлердің іс-әрекеті тек Қазақстан аумағымен ғана шектелмеген, қылмыстардың елеулі бөлігі Қазақстанда бастау алып, басқа елдер аумағында, соның ішінде Ресей Федерациясы мен Украинада аяқталған.

Қылмыскерлер тек Қазақстан Республикасы мен отандық қаржы институттарына ғана шығын келтірумен шектелген жоқ. Қылмыстық әрекеттермен түрлі шетелдік мемлекеттер мен заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтірілді. Атап айтқанда, Ресей Федерациясында Ресей Орталық банкінің ірі тұрақтандырғыш займдары мен жеке тұлғалардың салымдары ұрланды. Қылмыскерлердің Ресей мен Украинада келтірген шығындарының сомасы миллиардтаған доллармен есептеледі.

Осыған байланысты, шетелдік мемлекеттердің бірқатары өздерінің ішкі құқықтық және әкімшілік жүйелеріне сәйкес дербес ұлттық мүдделерін басшылыққа ала отырып, ұйымдасқан қылмыстық топты қылмыстық қудалауды жүзеге асыруда. Олардың ішінде Ресей Федерациясы мен Украинаның құқық қорғау органдары дербес қылмыстық істерге тергеу жүргізуде.

Бірнеше мемлекеттің тапсырмасына сәйкес халықаралық іздеуде жүрген Әблязов Француз Республикасының билігімен 2013 жылғы 31 шілдеде ұсталып, қазіргі уақытта сот санкциясымен Лион қаласының түрме мекемесінде қамауда отырғандығы белгілі.

2013 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина бір-біріне тәуелсіз, дербес түрде және әр елдің ұлттық заңнамасының талаптарына сәйкес Әбләзовті Франциядан экстрадициялау туралы сауалдар жолдады.

Қазақстан Республикасының экстрадициялық сауалы Францияның Әділет министрлігінің алдын ала қарауында жатыр.

Экстрадициялауға қатысты ресейлік және украиналық сауалдарды француздық өкілетті сот 2014 жылғы 24 қазанда қарады. Лион қаласының апелляциялық трибуналы Ресей Федерациясы мен Украинаның сауалдарын қанағаттандыру туралы ұсыным беріп, Ресей Федерациясының пайдасына басымдықты белгіледі.

Сот шешімі бірнеше талаппен және сауал жолдаған елдерге бағытталған императивтік сипаттағы алдын ала шарттармен ілесе жүруде.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясы да, Украина да қылмыскерді Францияның алдын ала рұқсатынсыз үшінші елдерге бермейтіні туралы Француз Республикасын кепілдікпен қамтамасыз етуі керек.

Дей тұрғанмен, Қазақстанның Бас прокуратурасы өзі жолдаған сауалдың француздық билік пен өкілетті сотта қаралуын баса өтінуде және Әбләзовтің қылмыстық тобын қылмыстық қудалаудан бас тартпақ емес.

Қазақстанның Бас прокуратурасы Әбләзовті Ресейден немесе Украинадан ре-экстрадициялау туралы ешқандай келіссөздер жүргізген емес әрі жүргізіп жатқан жоқ және халықаралық құқықтық ынтымақтастық қағидаттарын қатаң ұстанатындығын, халықаралық құқықтық ынтымақтастыққа қатысушылардың кез-келген өзара уағдаластықтары мен міндеттемелерін құрметтейтіндігін хабарлайды.

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін қылмыскерлер қолданып отырған түрлі айла-шарғылар мен әрекеттер, соның ішінде егеменді елдер мен олардың құқық қорғау органдарына қылмыстық қудалаудың саяси астары бар екені туралы кінә тағып отырғанына қарамастан, қазір Қазақстанның құқық қорғау органдарының негізгі назары қылмыстық істің тергелуін аяқтауға және келтірілген залалды толтыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл міндеттердің сәтті шешілуі қылмыскерлерді қылмыстық қудалауды тиімді үйлестіруге және жасалған қылмыстардың трансұлттық сипатына орай басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастық орнатуға байланысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес және бірқатар басқа халықаралық келісімдер мұндай ынтымақтастық жасасуға құқықтық негіз болып табылады.

Осы негізде Бас прокуратура халықаралық құқық нормалары мен адам және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қатаң түрде сақтай отырып, шетелдік әріптестермен, соның ішінде Ресей мен Украинада ұдайы және барынша ашық ақпарат алмасуды жалғастыра бермек.

Мұндай халықаралық құқық пен ынтымақтастықтың стандарттары мен тетіктері және шектері құқықтық көмек туралы халықаралық келісімдермен және халықаралық құқық қағидаттармен айқын белгіленген және Қазақстан Республикасы бұл талаптарды мүлтіксіз сақтайды.

Қазақстанның бұрын жолдаған сауалы бойынша экстрадициялық рәсімдерді жылдамдату мақсатында Қазақстанның Бас прокуратурасы Францияның уәкілетті органдарымен келісуді одан әрі жалғастыра бермек.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.