You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2016 жылғы 13 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада алқа мәжілісі болып өтті, онда үлестік құрылыс проблемалары талқыланды.

Алқа жұмысына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Жоғарғы Соттың өкілдері, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, Астана қаласының әкімдігі, қоғамдық ұйымдар мен құрылыс компанияларының басшылары қатысты.

Бас Прокурор соңғы жылдар ішінде жосықсыз құрылыс салушылар мен алаяқтардың заңсыз әрекеттерінен 9 мыңнан астам үлестік құрылысқа қатысушы зардап шеккенін, 59-дан астам объектінің құрылысы аяқталмаған күйінде қалғанын атап өтті.

Құқық қорғау органдары тағы да тергеумен айналысуда. Бұл өте ауқымды жұмыс. Мыңдаған адамдардан жауап алып, ондаған сараптама тағайындау керек. Бір үйдің немесе компанияның үлескерлері арасында бірыңғай пікір жоқ болған жағдайда қиындықтар туындайды. Ал олай болмаса жедел тергеу жүргізу мүмкін емес.

2016 жылдың 10 қазанында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» жаңа Заң қабылданды. Енді құрылыс салушы компаниялар үлескерлердің қаражатын екі жағдайда ғана тартуға құқылы: Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорымен келісім-шарттың немесе әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда.

Осы орайда, Бас Прокурор Жақып Асанов «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 25-2-бабы  негізінде үндеу жолдап, әлеуетті тұрғын үй сатып алушыларды сақ болуға және жиналған ақшасын кез келген адамға бермеуге шақырды. Сондай-ақ сәйкес құжаттардың бар-жоғын мұқият тексеріп, күдік туындаған жағдайда заңгерлердің немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгінуге кеңес берді.

Бас Прокурордың үндеуін Бас прокуратураның сайтынан (prokuror.gov.kz) және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан қарауға болады.

Сонымен қатар Бас прокуратура «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның ережелерін түсіндіру бойынша азаматтармен ауқымды жұмыс жүргізуді бастады.

Кітапшалар, бейне және аудиороликтер дайындалды. Қазақстан құрылыс салушылары қауымдастығымен бірлесіп ulesker.kz бірыңғай веб-сайты жасалды, онда құрылыс кезінде әкімдіктер үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсат берген тұрғын-үй кешендері туралы мәліметтер орналастырылатын болады. Сол жерде үлестік құрылыс саласындағы аса өзекті мәселелер бойынша жауаптар жарияланған.

Талқылау қорытындысы бойынша Бас прокуратура мүдделі органдармен бірлесіп «Алдаусыз үлестік тұрғын үй» жобасы шеңберінде іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі жоспарды бекітті. Бұл бастаманы іске асыру барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты негізде хабарланып отыратын болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.