You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Білім күні және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шарасы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астана қаласының прокуратурасында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Білім күні және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шарасы өтті.

Салтанатты іс-шараға Академия ректоры Ұлан Байжанов, Астана қ. прокуроры Сабыржан Бекбосынов, прокуратура органдарының ардагерлері, Астана қ. алғашқы прокуроры Тоқтарбай Ержанов, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары ардагерлерінің одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлжан Қарақұлова, Астана қ. прокуратура органдары ардагерлері кеңесінің  төрағасы Есемжан Досанов, сондай-ақ Бразилиядағы Олимпиада ойындарының бокс бойынша чемпионы, Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны Данияр Елеусінов және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит қатысты. 

Шақырылған қонақтар 2016 жылы оқуға қабылданған магистранттар мен докторанттарға оқуда табыс тілеп, құттықтау сөздерін жолдады. Әр магистрант пен докторантқа оқу процесінің алғашқы атрибуты - сынақ кітапшалары мен Анықтамалық-жолкөрсеткіш салтанатты түрде табысталды.

Аталған іс-шара Астана қ. Мемлекеттік академиялық филармониясының академигі, композитор Секен Тұрысбеков, Мемлекеттік академиялық филармония солистері, сондай-ақ халықаралық және республикалық конкурстары жеңімпаздарының концертімен аяқталды.       

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.