You are here

Қазақстан мен Сербия арасындағы мемлекетаралық шарттарға қол қою туралы (24 тамыз 2016 жыл, Белград)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Белградқа ресми сапары барысында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шарттар жасалды.

Қазақстандық тараптан құжаттарға Бас Прокурор Жақып Асанов, серб тарапынан – Әділет министрі Нела Кубурович қол қойды.

Ж. Асанов атап өткендей, аталмыш халықаралық құжаттарға қол қою қылмыстылықпен қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ екі ел азаматтарының негізгі құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы қазақстандық-сербтік әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Үш құжатқа қол қою екі елдің құқық қорғау органдарының тиімді ынтымақтастығы үшін барлық қажетті халықаралық нормативтік-құқықтық базаның құрылуы деп білеміз.

Сапар барысында Ж. Асановтың Сербияның Әділет министрімен екіжақты кездесуі өтті, олар өзара қызығушылық білдіретін кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Ведомстволардың басшылары қазіргі әлем тұрғысының халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстан мен Сербияның бір пікірлестігін атап өтей отырып, құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделігін білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.