You are here

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы мемлекетаралық шарттарға қол қою туралы (2016 жылғы 25 қазан, Эр-Рияд қаласы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Эр-Риядқа ресми сапары аясында Сауд Арабиясы Корольдігімен ұстап беру және сотталған адамдарды  беру туралы  мемлекетаралық шарттар жасалды.

Қазақстан Републикасының Бас Прокуроры осы құжаттарға қол қою Қазақстан мен Араб елдерінің әріптестігін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, екі ел азаматтарының басты құқықтары мен мүдделерін қорғау жолындағы маңызды қадам болып табылатынын атап көрсетті.

Олар қол жеткізіліп отырған келісімдер екі елдің құзыретті органдарының ынтымақтастығын нығайтуға және қылмыспен күреске, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Қазақстан – ТМД елдері арасындағы Сауда Арабиясы осындай шарттар жасасқан алғашқы ел. Бұл Қазақстанның құқықтық жүйесіне араб елдері тарапынан сенімнің артып келе жатқанының куәсі болып отыр.

Сапар барысында Ж.Асановтың Сауд Арабиясының Сауд Арабиясының Бас прокуроры Мұхаммед Фахд Әл Әбдуллахпен екіжақты кездесуі өтті, оның барысында терроризммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрес, ұстап беру және сотталған адамдарды беру мәселелері талқыланды.

Ведомстволардың басшылары құқықтық салада өзара іс-қимыл жасауды одан әрі кеңейтуге мүдделілік танытты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.