You are here

Қазақстан мен Ресей Федерациясы шекаралас прокуратуралары басшыларының форумы туралы баспасөз ақпараты (2014 жылғы 7-8 тамыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астанада Қазақстан мен Ресей Федерациясы шекаралас прокуратуралары басшыларының екі күндік форумы өз жұмысын бастады.

Оның жұмысына Қазақстан Бас прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының жауапты қызметкерлері, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының прокурорлары, сондай-ақ Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының өкілдері, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы Орал және Оңтүстік федералдық округтеріндегі басқармаларының басшылары, Алтай Республикасы, Қалмақ Республикасы, Астрахан, Волгоград, Қорған, Новосібір, Омбы, Орынбор, Самара, Саратов, Түмен және Челябі областары, Батыс-Сібір, Орал және Оңтүстік көлік прокуратураларының жетекшілері қатысуда.

Қазақстанның Бас Прокуроры форумды аша отырып, биылғы жылдың мамыр айында тауарлардың, қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін айналымына және экономиканың негізгі салаларында келісілген саясатты жүзеге асыруға кепілдік беретін Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы қатысушы мемлекеттердің прокурорлары алдына жаңа міндеттер қоятынын атап көрсетті.

А.Дауылбаев Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Бас прокуратураларының ынтымақтастығы көпжақты және екіжақты форматта жеткілікті түрде жемісті жүргізіліп жатқанын ризашылықпен жеткізді. Сонымен қатар, экономикалық одақтың құрылуы серіктес елдердің прокурорлық корпусын жаңа жағдайда заңдылықты қамтамасыз ету үшін неғұрлым тығыз жұмыс істеуге міндеттейді.

Интеграциялық үдерістер аясындағы екі елдің құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігі прокурорлардың үйлестірушілік рөлін арттыру, бюрократиялық кедергілерді жою, заңнамалық жүйелерді бірегейлендіру жолымен айтарлықтай арттырылуы мүмкін.

Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету барысында көршілес елдердің аумақтық прокуратуралары арасындағы тікелей байланыс жасау қажеттілігіне форумға қатысушылардың назары ерекше аударылды. Бұл  құқықтық көмек көрсету туралы сұраныстарды шекаралас мемлекеттің өңірлік прокуратурасына тікелей жолдауға және оларды орындау мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда осындай тапсырмаларды орындау мерзімі кем дегенде 3 айды құрайды. Бұл ретте тапсырманы орындау емес, оларды поштамен жеткізу уақыттың көп бөлігін алады. Күрделі мемлекетаралық бюрократиялық рәсімдер қылмыскерлерге қылмыстық қудалаудан жасырынуға және қылмыстың заттары мен іздерін жоюға мүмкіндік береді.

Жиналыстың күн тәртібіне сонымен қатар ЕЭО аясындағы құқық қолдану тәжірибесін қамтамасыз етудің кең ауқымды проблемалары бойынша өзара іс-қимылдың басқа да өзекті мәселелері енгізілген. Атап айтқанда, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, заңсыз көші-қонмен, есірткі қылмыстарымен, діни экстремизм және терроризммен, киберқылмыстармен, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы қылмыстармен күресте күш жігерді шоғырландыру және бірлескен шешімдер іздеу мәселелерін талқылау көзделеді.

Форумның қорытындысы бойынша аймақаралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстарды ескерту және тосқауыл қою, практикалық өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жақсартуға бағытталған ұсыныстар қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.