You are here

Қазақстан мен Ресей бас прокурорларының кездесуі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астанада алдағы күндері өтетін ТМД-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекетаралық кеңесінің отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Ресей Федерациясының Бас Прокуроры Юрий Чайкамен кездесті.

Асхат Дауылбаев ресейлік әріптесіне келген сапары үшін, сондай-ақ қылмыспен күресудегі жемісті ынтымақтастық, көмек және ықпалдастықтың қалыптасқан дәстүріне, екі елдің қадағалау органдарының қалыптасу тәжірибесімен алмасу және бірлесе талқылау мүмкіндігіне жылы лебізін білдірді.

Кездесу барысында біртұтас экономикалық кеңістік жағдайында қазақстандық және ресейлік прокурорлардың стратегиялық әріптестікті одан әрі арттырудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Сұхбаттасушылар атап өткендей, экономикалық интеграция шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің құқықтық ынтымақтастығының күшеюі заңдылықты қамтасамыз ету мен халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту бойынша жалпы стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған маңызды шоғырландырушы фактор болып табылады.

Бірлескен жұмыс перспективаларын талқылай келе, тараптар сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, қылмыстық жолмен табылған ақша қаражатын жылыстатуға, есірткі тасымалдауға, киберқылмысқа қарсы бағытталған ынтымақтастық нысандарын дамытуды және тереңдетуді ұсынды.

 Ю. Чайка жылы қабылдау үшін алғысын айта отырып, қалыптасқан сындарлы сұхбатты жалғастыру және дамытуға дайындығын білдірді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.