You are here

Қазақстан мен Германияның құқықтық ынтымақтастықтығы артады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Еуропа елдеріндегі және халықаралық ұйымдардағы Арнайы өкілі Ұлан Байжанов Германия Федеративтік Республикасы Федералдық Әділет министрлігінің шақыруы бойынша Германияға жұмыс сапарымен барды.

Берлин қаласына сапары барысында Ұ.Байжанов Әділет министрлігі халықаралық қылмыстық құқық департаментінің басшысы Хайди Нойхауспен және Федералдық Сыртқы істер министрлігінің «Еуропа Кеңесі» тобының жетекшісі Йенс Густпен келіссөздер жүргізді. Аталған кездесулердің күн тәртібінде құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты ұлғайту, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің қылмыстық іс жүргізу саласындағы конвенциясына Қазақстанның қосылуы тұрғысындағы көпжақты өзара іс-қимыл  мәселелері қарастырылды.

Өзара мүдделерді қамтитын бірқатар мәселелер бойынша байыпты пікір алмасылып, сонымен қатар құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейте түсудің болашағы талқыланды. Ағымдағы өзара іс-қимылдың сындарлы сипатта жүріп жатқандығын атап өткен тараптар өзара құқықтық көмек көрсетудің келісім-шарттық негізін кеңейте түсуге ықылас танытты.

Неміс тарапы Қазақстанның Еуропа Кеңесінің мақсатты конвенцияларына қосылу үшін жұмсап жатқан күш-жігерін қолдай отырып, алға қойылған мақсаттарға жетістікпен қол жеткізуге тілектестік білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.