Қазақстан мен Болгария сотталған адамдарды беру туралы келісімге келді

13 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстан мен Болгария сотталған адамдарды  беру туралы келісімге келді - 107181073

Бүгін София (Болгария) қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов Болгарияның Бас прокуроры Сотир Цацаров пен Әділет министрі Данаил Кириловпен кездесті.

Екі елдің прокурорлары екіжақты құқықтық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және қылмыстыққа қарсы күресте бірлесіп күш салу қажеттілігін талқылады.

Сонымен бірге Бас Прокурор Ғ.Нұрдаулетов пен Болгарияның Әділет министрі Д.Кириловтың арасында Қазақстан мен Болгарияның Сотталған тұлғаларды беру жөніндегі келісімге қол қою рәсімі өтті.

 Мұндай түрдегі халықаралық келісімдер жасасу Қазақстан Конституциясының 11-бабының талаптарына негізделген, оған сәйкес мемлекет өз азаматтарын одан тыс жерлерде қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.

 Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қараша айында Қазақстан болгар тарапымен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және адамдарды ұстап беру туралы шарт жасасқан болатын.

Болгария Қазақстанмен бірлесіп қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың негізгі құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы ынтымақтастық үшін барлық қажетті халықаралық-құқықтық база құрған кезекті еуропалық мемлекет болғанын атап өту керек.

 

 ҚР Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу