You are here

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салатанатты жиын туралы (Астанақаласы, 2015 жылғы 30 сәуір)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Бас Прокурор атап өткендей, Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қалыптасуы Мемлекет басшысының жүргізіп отырған сындарлы саясатының нәтижесінде қол жеткізілген халық бірлігінің, өзара сенімнің, тыныштық пен саяси тұрақтылықтың арқасында мүмкін болып отыр. Осынау мейрам көп ұлтты еліміздің қол жеткізген жемісті табыстары мен нағыз достық нақыштарының айшықты көрінісі іспетті. Мемлекетіміз елімізде өмір сүріп жатқан барша ұлыс өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін сақтау мен дамытуға қажетті жағдайдың барлығын жасап отыр.

Биылғы мамыр мерекесінің тойлануы ел Президентінің кезектен тыс сайлауда нық сеніммен жеңіске жетуімен тұспа-тұс келуі де айшықты оқиға ретінде есте қалары анық.

Өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілік салмағын терең сезінетін біздің елде өмір сүріп отырған халықтың өзара толық түсіністігі мен келісімі мемлекеттің одан әрі гүлдене беруінің басты кепілі болып саналады.Мұның өзі сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлерін жоюға, елімізді нығайтып, гүлденген Қазақстанды құруға ықпал ететін берік іргетас болып табылмақ.

Бірлігімізді сақтау, келісім мен бейбітшілікті, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту ісіне өз үлесін қосу - әрбір азаматтың парызы. Біздер еліміздің қауіпсіздігін нығайтып, тәуелсіздігімізді сақтай отырып, оның жасампаздық әлеуетін арттыра беруге тиіспіз, - деп атап көрсетті Асхат Дауылбаев.   

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.