You are here

Қазақстан делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінде сапарда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстан делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінде сапарда - 1830131675

2018 жылғы 26 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаровтың басшылығымен қазақстандық делегация Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми іссапарда.

Бүгін Қайрат Қожамжаров БАӘ Федералдық Прокуроры мырза Аль-Шамсимен кездесті.

Әріптестер құқықтық ынтымақтастықты нығайту және шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады.

«Жасалған құқықтық көмек туралы келісімдер шеңберінде біздің мемлекеттер арасында тиімді ынтымақтастық күшейтілді. Бүгінгі кездесуіміз қылмыскерлерді экстрадициялау және ұрланған қаражатты қайтару сұрақтары бойынша екіжақты қарым-қатынастарға жаңа импульс береді» деп Қайрат Қожамжаров атап өтті. 

Қазақстанға соңғы 3 жылда БАӘ-ден іздеуде жүрген 10 адам экстрадицияланды. 

Сонымен қатар, талқылау барысында терроризм және экстремизм, транснационалды қылмысқа қарсы күресу саласындағы ынтымақтастық сұрақтары қаралды.

Біріккен Араб Әмірліктері осы сұрақтар бойынша Қазақстан үшін белсенді серіктес болып табылады. 2013-2017 жылдар аралығында бірлескен шаралар қабылдаудың арқасында БАӘ территориясында Қазақстан азаматтарынан тұратын бір топ ИШИМ (ИГИЛ) эмиссарлары және көмекшілері әшкереленді.

Кездесу соңында қазақстандық делегация мүшелері шетелдік әріптестеріне алғысын білдіріп, құқықтық салада өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту қажеттігін айтты.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.