You are here

Қазақстан Бас Прокурорының Ұлыбританияның құқық қорғау органдарының басшылығымен екіжақты кездесулері туралы (Лондон, 2015 жылғы 4 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары барысында еліміздің Бас Прокуроры
А. Дауылбаев Ұлыбританияның құқық қорғау органдарының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.

Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігінде Бас Прокурор  халықаралық құқықтық көмек бойынша бөлімшенің басшысы Кенни Боуи мен халықаралық-құқықтық сұратуларды орындау бөлімінің басшысы Филомена Креффилдпен кездесті. Кездесу барысында тараптар бір күн бұрын қол қойылған қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы мемлекетаралық шарттың ережелері, халықаралық-тергеу тапсырмалары орындалуының, тәжірибе мен ақпарат алмасу мәселелерін толық талқылады.

Сондай-ақ, Ұлыбританияның құқық қорғау органдарының өкілдерін оқыту және тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру үшін британдық жетекші сарапшыларды, мамандарды тарту мәселесі талқыланды.

Көрнекті мемлекет қайраткері, Ұлыбританияның Бас прокуратурасын әртүрлі жылдарда басқарған және Корольдік адвокаты болған, баронесса Патриция Скотландпен кездесу шеңберінде тараптар Астана Халықаралық қаржы орталығын құру және қызмет істеу сұрақтарында Ұлыбританияның заңгерлік қауымдастығымен өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды.

Сұхбаттасу қорытындысымен Корольдіктің заңгерлік кеңесшісі болып табылатын баронесса инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғаудың алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен алмасуға консультативтік қолдау көрсетуге әзірлігін білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.