Қазақстан Бас Прокурорының Сербия Бас прокурорымен кездесуі туралы (2016 жылғы 23 тамыз, Белград)

23 тамыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асановтың Сербия Бас прокуроры Загорка Доловацпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар алдағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, ұстап беру және сотталғандарды беру туралы шарттар жасасу аясында Қазақстан мен Сербия арасындағы халықаралық-құқықтық қатынастар перспективаларын талқылады.

Екі ел ведомстволарының басшылары халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жалпы стратегиялық міндеттерге байланысты мәселелер жөніндегі ықпалдастықты нығайтудың өзектілігін атап өтті.

Кездесу нәтижесінде Ж. Асанов З. Доловац ханымға таяу келешектегі екі ел арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың қомақты әлеуетін атап өтіп, жылы қабылдауына және сындарлы диалогқа шынайы ризашылығын білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу