You are here

Қазақстан Бас Прокурорының Болгария Бас прокурорымен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2015 жылғы 10 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Болгария Республикасының Бас прокуроры Сотир Цацаровпен кездесуі өтті.

Болгарлық әріптесін Қазақстан жерінде қошеметтей отырып, Қазақстан Бас Прокуроры құқықтық саладағы екіжақты қарым-қатынастардың достық және құрылымдық сипатын атап өтті.   

Әріптестер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ой бөлісті. Ведомство басшылары қазіргі заман тұрғысында Қазақстан мен Болгарияның халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі ниеттестігін және бірлігін атап өтті. Тараптар жаһандану жағдайындағы қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша сәйкес шаралар қабылдау үшін күштерді жұмылдырудың қажеттілігін баса айтты.

Кездесу барысында құқықтық саладағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды, оның ішінде қылмысқа, терроризмге, экстремизмге, киберқылмысқа, есірткі тасымалына қарсы күрес, тәжірибе және ақпарат алмасу мәселелері.

Сұхбаттасушылар құқықтық ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге қызығушылықтарын, сондай-ақ шарттық-құқықтық негізді кеңейтуге, оның ішінде Сотталған адамдарды ұстап беру туралы мемлекетаралық шартқа қол қоюға дайын екендіктерін білдірді.

А.Дауылбаев біздің еліміздің прокуратура органдарының халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтық қауымдастыққа кірігу үрдісіне үлкен көңіл бөлетіндігін атап өтіп, Еуропаның перспективті елдерінің бірі болып табылатын достық қарым-қатынастағы Болгария мемлекетімен ынтымақтастықты нағайтуына аса назар аударды.

Тараптар қылмысқа қарсы тұру, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріндегі Қазақстан мен Болгария құзіретті органдарының арасындағы өзара ықпалдастықтың қалыптасқан деңгейіне ризашылықтарын білдіре отырып, екі ел халқының мүддесі, тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту үшін екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты кеңейту және дамытуға дайын екендіктерін білдірді. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.