Қазақстан азаматының Әзірбайжаннан экстрадициялануы туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2016 ж. 16 тамыз)

16 тамыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Әзірбайжаннан Қазақстан Республикасының азаматы Ариф Ахмедовті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады. Ол алдын ала сөз байласқан адамдар тобы құрамында өткізу мақсатымен аса ірі көлемде есірткі заттарын сатып алғаны және сақтағаны үшін айыпталды. 

А.Ахмедовті беру туралы шешім Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша а.ж. шілде айында Әзірбайжан Республикасының Бас прокуратурасымен қабылданды.

Ахмедов Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу