Қазақстан азаматының БАӘ-нен экстрадициялау туралы пресс-релиз (10 қараша 2016 жыл)

10 қараша 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Биыл 10 қарашада 120 000 АҚШ долларын алаяқтық жолмен иемденді деп айыпталған Қазақстан азаматшасы В.В. Ким Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды.

БАӘ-нің құзыретті органдары бұл азаматшаны ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауын қанағаттандырып отыр. Экстрадициялау процесі Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі мен ҚР ІІМ Интерполының көмегімен жүзеге асырылды.

Күдікті 2011 жылы өзін мұнай компанияларының бірінің  бұрынғы қызметкері ретінде көрсете отырып, бір кәсіпкерді күкірт шикізатын жеткізу бойынша тиімді келісімшарт жасап беремін деп алдаған. Оның өтініші бойынша келісімшарт жасауға кететін шығындар үшін оған 120 000 АҚШ доллары берілген. Ақшаны алған бойдан күдікті бой тасалап, шетел асқан.

Қазіргі уақытта В.В. Ким Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу