Қазақстан азаматын Әзірбайжаннан экстрадициялау туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана қаласы, 2016 жылдың 1 наурызы)

01 наурыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Әзірбайжан Республикасында бұзақылық үшін жазасын өтеп болған 42 жасар Қазақстан Республикасының азаматы Афет Гасановты Бакуден экстрадициялады. Ол Маңғыстау облысында ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленгені және ысырап жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Гасановты беру туралы шешімді а.ж. 15 ақпанда Әзірбайжан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қабылдады.

Гасанов Астана қаласының тергеу абақтысына қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу