You are here

Қазақстан азаматын Сауд Арабия Корольдігінен экстрадициялау туралы баспасөз баяны (22желтоқсан 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстанның Сауд Арабия Корольдігі мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшіліктерінің көмегімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. Бұл қазақстандық тараптың Сауд Арабиядағы әріптестермен уағдаластыққа қол жеткізуінің нәтижесі.

Сауд Арабия Корольдігінің құзырлы органдары екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚР Бас прокуратурасының Омар Мұхитты ұстап беру туралы сұрау салуын алғаш рет қанағаттандырды.

Оған ЖОО-лардың бірінің Басқарма төрағасы болған кезде 200 млн.теңгеге жуық сомада бюджет қаражатын ұрлап, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ тұлғасында мемлекетке және жеке кәсіпкерге  150 млн. теңге, сондай-ақ «НұрБанк» АҚ-қа 240 000 000 теңге сомасында материалдық залал келтірді деген айып тағылып отыр. Залалдың жалпы сомасы 600 млн. теңгеге жуық.

Қазіргі уақытта М. Омар Астана қ. тергеу изоляторына әкелінді.

Естеріңізге сала кетейік, а.ж. 26 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сапары шеңберінде Сауд Арабия Корольдігімен сотталған адамдарды ұстап беру және тапсыру туралы мемлекетаралық шарттар жасалған болатын. Қазақстандық тарап атынан құжаттарға Бас Прокурор Ж. Асанов қол қойған.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.