Қазақстан азаматын Армениядан экстрадициялау туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2016 жылғы 7 қыркүйек)

07 қыркүйек 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратураның және Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматы С.Манасянды экономикалық қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады.

58-жасар Сурен Манасян қылмыстық топ құрамында жалған кәсіпкерліктер құрғаны үшін, сонымен қатар бюджетке салық төлеуден жалтаруға жағдай жасау нәтижесінде мемлекетке 200 млн. тенге сомасында аса ірі мөлшерде залал келтіргені үшін айыпталуда.

Қазіргі уақытта Манасян Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу