Қазақстан азаматтарының жеткізілгені туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2015 жылдың 17 қыркүйегі)

17 қыркүйек 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен еліміздің азаматтары Давыд Боцинян мен Айбек Қалбаевты Қазақстанға алып келді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұранысына сәйкес Финляндия Республикасының Әділет Министрлігі а.ж. 14 тамызында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Астана қаласы ІІД-нің іздеуіндегі Д.Боцинянды беру туралы шешім қабылдады. Ол 2009 жылы аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін, сонымен қатар сату мақсатымен аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін айыпталуда.

А.ж. тамыз айында Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы 24 жасар А.Қалбаевты қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 2014 жылдың 28 ақпанында беларусьтік сот белгілеген жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады.

Жеткізілген азаматтар Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу