Қазақстан азаматшасы Әзірбайжаннан экстрадицияланды (Астана қаласы, 2016 жылдың 5 ақпаны)

05 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Әзірбайжан Республикасында бірқатар ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп болған 22 жасар Қазақстан Республикасының азаматшасы Нүргүл Байсанованы Ақтөбе облысы аумағында ұқсас қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады.

А.ж. 13 қаңтарда Әзірбайжан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратусының сұрауы бойынша Н.Байсанованы беру туралы шешім қабылдаған болатын.

Байсанова Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу