Қазақ КСР Прокуроры, мемлекет қайраткері Өтеген Сейітовтің 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 13-ші қыркүйек)

13 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Қазақ КСР Прокуроры, мемлекет қайраткері Өтеген Сейітовтің 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстел қатысушыларына сөйлеген құттықтау сөзінде Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель Қазақ КСР Прокуроры Өтеген Сейітовтің мемлекетке сіңірген еңбегін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті. Өтеген Сейітовтің қырық жылдық еңбек жолы заң мен құқыққа адал қызметпен тікелей байланысты болды, оның ішінде он сегіз жыл ол республика прокуратурасын басқарды. Шынайы кәсіби шебер және талантты басшы ретінде оны жұмысты терең білуі, жоғары еңбек қабілеттілігі және жауапкершілігі үнемі ерекшелендіріп тұратын.   

Осы азамат туралы туыстары, достары мен әріптестері аса жылылықпен және сағынышпен еске алып, Өтеген Сейітұлының өз халқының абзал азаматы, Отанның шынайы патриоты, кәсіби міндетіне адал қызмет етудің үлгісі болғанын атап көрсетті.

Дөңгелек үстел қатысушыларына Өтеген Сейітовтің өмірі мен еңбек жолына арналған деректі фильм көрсетілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу