Қайрат Қожамжаров жұмыс сапарымен Австрияда

16 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қайрат Қожамжаров жұмыс сапарымен Австрияда - 747671492

2018 жылғы 16 қазан, Вена. Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат  Қожамжаров Австрияның Реформалар мен әділет, Конституцияның федералды министрі Йозеф Мозермен кездесті.

Тараптар ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде лаңкестік пен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен күресті нығайтудың қажеттігін атап өтті. 

Нақты қылмыстық істер бойынша экстрадициялау және  құқықтық көмекке қатысты екі жақты қарым-қатынастың    белсенділігін арттыру туралы шешім қабылданды.   

Сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Кеңесінің қылмыстық сот төрелігі туралы конвенциясына қосылуы мен шартты-құқықтық базаны кеңейту тақырыбы талқыланды.

Кездесу нәтижесінде ведомство басшылары ортақ мәлімдемеге қол қойды. Онда Австрия Қазақстанның қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек пен сотталғандарды беру туралы конвенцияға қосылуын қолдайтындығын білдірді.

Соңында Бас Прокурор шетелдік әріптестеріне алғысын айтып, екіжақты қарым-қатынастың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу