You are here

Қаржылық тергеу және ұрланған активтерді қайтару жөніндегі семинар туралы БАҚ үшін аңдатпа

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

24 қазанда Астанада қаржылық тергеу және ұрланған активтерді қайтару жөнінде арнайы семинардың ашылуы өтеді.

Семинарға ҚР Бас Прокурорының орынбасары Андрей Кравченко, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов, АҚШ Мемлекеттік хатшысының халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі көмекшісі Уильям Браунфилд, АҚШ-тың Қазақстандағы  Елшісі Джордж Крол, БҰҰ Есірткімен және қылмыстылықпен күрес бойынша басқармасының бөлім басшысы (БҰҰ ЕҚБ, Вена) Тофик Муршудлу, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі офицері Колин МакКаллау, сонымен қатар қазақстандық аналитиктер, тергеушілер, прокурорлар және қаржылық қылмыстар, сондай-ақ ұрланған активтерді қайтару бойынша тергеумен және сот қудалауымен айналысатын судьялар қатысады.

Семинар қадағалау, тыйым салу және ұрланған активтерді қайтару мүмкіндіктерін арттыру үшін басқа елдердің құзыретті органдарымен ведомствоаралық та, халықаралық та ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Израиль бас прокурорының орынбасары Иехуда Шаффер, Литва Ішкі істер министрлігінің жанындағы Қаржылық қылмыстарды тергеу бойынша қызметінің басқарма басшысы Кулиесиус Дариус, Ұлыбритания халықаралық даму департаментінің қаржы тергеушісі (DFID), сондай-ақ Кариб қылмыстық активтерді іздестіру бойынша бағдарламасының тергеушісі (CCARP) Стоукс Род, Компьютерлік қылмыстылық бойынша федералды бөлімнің операциялар басшысы, Белгия федаралды сот-полициясының детектив-суперинтенданті Ронделез Рафаель, Евроюст итальяндық кеңсесінің оқыту бойынша Еуропалық сот желісінің Мемлекеттік прокуроры (EJTN) Коста Доната, Ирландияның Активтерді қайтару жөніндегі бюросының детективі Гоулдинг Киеран, Канада Корольдік полициясы атты полициясының полиция офицері (RCMP) Моффатт Джимми, сонымен қатар БҰҰ ЕҚБ ақшаның ізін жасыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша жаһандық бағдарлама басшысы және БҰҰ ЕҚБ ақшаның ізін жасыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша жаһандық бағдарлама жобасының үйлестірушісі Катерина Бугаец өз тәжірибелерімен бөліседі.

Семинар БҰҰ ЕҚБ қаржылық тергеу және ұрланған активтерді қайтару жөніндегі жоба және АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі аясында өткізіледі. Жобаның бас серіктестері ҚР Бас прокуратурасы және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы болып табылады.

Ашылу салтанаты өткізілетін орын: Астана қ., «Мэриотт» отелі, Достық көшесі,  2, «Балхаш» конференц-залы (3-қабат).

Күні және уақыты: 2016 жылғы 24 қазан, 08.30-дан бастап 09.30-ға дейін.

Тіркелу үшін байланыстар: aidana.ast@gmail.com, 8-702-277-31-37.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ұқсас мәліметтер

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.