You are here

«Қаржылық тергеп-тексерудің және ұрланған активтерді шетелден қайтарудың ұлттық жүйесін дамыту» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2016 жылғы 27 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Қаржылық тергеп-тексерудің және ұрланған активтерді шетелден қайтарудың ұлттық жүйесін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, онда «Шетелден ұрланған активтерді қайтару» жобасы таныстырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент депутаттары, орталық құқық қорғау және мүдделі меморгандардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, тергеушілер, прокурорлар қатысты.

Жобаға Бас прокуратура мүдделі құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп бастамашылық етті және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыстылық басқармасының, ЕҚЫҰ-ның, АҚШ Елшілігінің қолдауына ие болды.

 Жобаны таныстыра келе, Бас Прокурор Жақып Асанов оның негізгі идеялары туралы айтты. Жобаның мақсаты – шетелден активтерді қайтару бойынша тиімді жұмысты ретке келтіру.

Шетелге заңсыз ақша шығаруға сенімді тосқауылдар жасап шығару қажеттілігін атап өтіп, Бас Прокурор елімізге орасан зор зиян келтірген қылмыстық істердің нақты мысалдарын айтты. Тек 10 жыл ішінде қозғалған қылмыстық істер бойынша шетелге жүздеген миллиард теңге шығарылған. Жоба шеңберінде пысықтау жоспарланып отырған қылмыстық активтерді қайтару бойынша проблемаларды шешудің нақты жолдары мен жағдайды өзгертудің тәсілдерін атап өтті.

Тергеушілер мен прокурорларды оқыту, ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін әдістемені жасау және оған нормативтік құқықтық мәртебе беру жобаның негізгі бағыттары ретінде анықталған.

Бүгінде Бас прокуратура, Ұлттық Бюро, Мемлекеттік кірістер комитеті және ІІМ қызметкерлерінің алғашқы тобы шет елдерден келген сарапшылардан білім алды. 10 ұлттық тренер дайындалатын болады, олардың миссиясы – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында тергеушілер мен прокурорлар арасында жаңа әдістемелерді тарату.

Ж.Асанов атап өткендей, Бас прокуратура активтерді қайтару бойынша ақпарат алмасу жөніндегі әлемдік желілер – Еуропада «CARIN» және Азияда «ARIN-AP» желілеріне қосылуға дайын. Бүкіләлемдік банк пен БҰҰ-ның «Ұрланған активтерді қайтару бойынша «StAR» бастамасына» қосылуға сұрату жіберілді. Жуырда StAR-дың алғашқы шолу миссиясының өкілдерімен кездесу болады, олар Жобаны іске асыруға көмектеседі.

Ж.Асановтың пікірінше, жұмыстың тағы бір маңызды бағыты ретінде параллель қаржылық тергеу тұжырымдамасын енгізуді айтуға болады. Әрбір тергеп-тексеру басталған сәттен бастап бір мезгілде екі бағытта – қаржылық криминалды ашу және қылмыстық кірістерді қайтару бойынша жүргізілуі тиіс,- деп атап көрсетті ол. Сондықтан шетелдік сарапшылардың ұсыныстары бойынша ұрланған активтерді шетелден қайтару және параллель қаржылық тергеп-тексеру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылатын болды.

Сондай-ақ Бас Прокурор Азаматтарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы әрекет етуші заңның активтерді қайтарудың ұтымды тәсілі ретінде бола алатынын айтты. Ол азаматтарды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырып, жария ету шарттарының өте жеңіл екенін және уақтылы қолданып үлгерген азаматтардың барлығына оның сенімді қорған болатынын атап өтті.    

Халықаралық сарапшыларға, БҰҰ, ЕҚЫҰ және АҚШ Елшілігінің өкілдеріне біздің қызметкерлерімізді оқыту, баға жетпес тәжірибе алмасу үшін берілген мүмкіндікке және Жобаға үлес қосқандарына алғыс білдіріп, Бас Прокурор серіктестерге қазақстандық прокуратураның халықаралық ұйымдарға, оның ішінде активтерді қайтару жөніндегі ынтымақтастыққа ашық екендігін жеткізді.

Жоба бойынша барлық дайындық құжаттарын әзірлеу биылғы жылдың соңына дейін аяқталатын болады, ал іске асырудың өзі 2017 жылға жоспарланған. Бұл бастаманың нәтижесі жаңа жұмыс әдісін енгізу, құқық қорғау және фискалдық органдардың өзара іс-қимыл жасауының проблемалы мәселелерін шешу, шетелден активтер қайтарылуының өсуі, қаржылық тергеп-тексерудің жеделдігі мен сапасының артуы болмақ.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.