You are here

Қаржылық тергеп-тексеру және активтерді қайтару жөніндегі курстардың екінші кезеңінің ашылуы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2016 жылғы 24 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астанада Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченконың қатысуымен қаржылық тергеп-тексеру және ұрланған активтерді қайтару жөніндегі мамандандырылған семинардың екінші кезеңінің ашылуы өтті.

Семинардың ашылуына сондай-ақ Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов, АҚШ Мемлекеттік Хатшысының халықаралық есірткіге қарсы күрес және құқық қорғау қызметі жөніндегі көмекшісі Уильям Браунфилд және ҚР-дағы АҚШ елшісі  Джордж Крол, БҰҰ Есірткімен және қылмыстылықпен күрес бойынша басқармасының бөлім басшысы (БҰҰ ЕҚБ, Вена) Тофик Муршудлу, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі офицері Колин МакКаллау, сонымен қатар қазақстандық аналитиктер, тергеушілер, прокурорлар және судьялар қатысты.

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Андрей Кравченко қаржылық тергеп-тексеру саласындағы оқыту семинарының, әсіресе, Бас прокуратура жүзеге асырып отырған «Шетелден ұрланған активтерді қайтару» жобасы аясындағы маңыздылығын және бірегейлігін атап көрсетті. Алынған білім мен дағдылар бірден тәжірибеде қолданылатын болады.

Семинар қадағалау, тыйым салу және ұрланған активтерді қайтару мүмкіндіктерін арттыру үшін басқа елдердің құзыретті органдарымен ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Курстар бес күн бойына жалғасады. Дәріс беру үшін Италия, Австрия, АҚШ және Израиль сарапшылары шақырылды, солардың арасында Израиль Бас Прокурорының орынбасары Яхуд Шаффер мырза да бар.

 Бұл бастама аясында, тергеушілер мен прокурорларды оқытудан басқа, шетелден ұрланған активтерді қайтару бойынша тиімді жұмыс жүргізу үшін құқық қорғау органдарының әдістемелік және нормативтік базасын құруға бағытталған жүйелі шаралар жасалады.

 Бұдан бөлек, Еуропадағы «CARIN» және Азиядағы «ARIN-AP» әлемдік ақпарат алмасу желілеріне қосылуы жоспарлануда. Бүкіләлемдік банк пен БҰҰ-ның «Ұрланған активтерді қайтару жөніндегі бастамасы – «StAR» жобасына қосылуға сұрау хат жолданды, - деді Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко.

Андрей Кравченко қонақтар мен және дәріс өткізуші халықаралық сарапшыларға осы оқыту семинарына беленді қатысқандары үшін алғыс білдірді. 

Семинар аясында сондай-ақ Қазақстан Бас Прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мен ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов АҚШ Мемлекеттік Хатшысының халықаралық есірткіге қарсы күрес және құқық қорғау қызметі жөніндегі көмекшісі Уильям Браунфилдпен және ҚР-дағы АҚШ елшісі Джордж Кролмен кездесу өткізді. Сұхбат барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің кең шоғыры, атап айтқанда, қаржылық қылмыстарға, терроризм мен экстремизмге, қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Осы курстардың бірінші кезеңі – базалық деңгейдегі қаржылық тергеп-тексеру бойынша семинары мен тренерлерге арналған тренинг а.ж. қазанның басында өткен болатын. Оған қаржылық қылмыстарға маманданған, құқық қорғау және фискалдық органдардың арнайы іріктелген 24 қызметкері қатысты.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.