You are here

Қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Заң жобасы туралы (Астана қ., 2013 жылдың 28 қаңтары)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әлемдік және  отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономиканың дамуы және тұрғындардың қаржылық жағдайының айтарлықтай өсуі қаржы пирамидалары қызметінің белсенділігінің артуына түрткі болады.

Олардың ерекшеліктері сол, құйылған инвестицияның кірісі әрбір қосылуы ықтимал жаңа салымшыға өзге де жаңа салымшыларды және ақша қаражатын тарту есебінен төленеді. Салымшылардың бастапқыларына кейінгі клиенттердің есебінен көп табыс төлеуге уәде бере отырып, ақша қаражатын салуға итермелейді.

Осылайша, пирамиданың «төменгі» жағындағы көптеген адамдар жоғарыдағы азшылыққа ақша төлейді және олар әдетте ешнәрсесіз қалады.

Бірақ қаржы пирамидасы жосықсыз жарнамалау көмегімен сырттай қарағанда елеулі кепілдіктері бар сенімді жоба болып көрінеді.

Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура Ұлттық Банкпен және өзге де мүдделі органдармен бірлесіп «Кейбір заңнамалық актілеріне қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын дайындады.

Заң жобасының басты мақсаты, ең алдымен, елімізде қаржы пирамидаларының жолын кесу және жұмыс істеуіне жол бермеуге, қаржы пирамидаларының қызметімен байланысты құқыққа қайшы әрекеттерден азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық база қалыптастыру болып табылады.

Заң жобасы Бас прокуратураның сайтында орналастырылған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.