Қарудан ату бойынша өткен жарыстың қорытындылары туралы баспасөз ақпараты

02 желтоқсан 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Прокуратура күніне орай прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында қарудан ату бойынша жарыс болып өтті.

 Жарысқа 41 қызметкерден құралған 22 команда қатысты: 8 команда Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінен, 12 команда облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардан, сондай-ақ Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің командалары болды.  

Жарыстың жеңімпаздары ретінде Бас прокуратураның (1-ші орын), Бас әскери прокуратураның (2-ші орын) және Алматы қаласы прокуратурасының (3-ші орын) құрама командалары анықталды.

Жарыстың командалық және жеке сайыстарында көзге түскен қатысушылар кубоктар, медальдер, грамоталар және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу