Қаражатты шетелге заңсыз шығаруды болдырмау жөніндегі жұмыстар туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2015 жылғы 7 қыркүйек)

07 қыркүйек 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жаңа экономикалық саясат жағдайында елден қаржыны заңсыз шығарумен байланысты мәселелер неғұрлым өзекті болып табылады, сондықтан прокуратура органдары экономика саласындағы ұлттық мүдделерге әсер етуі мүмкін қатерлерді анықтау жөніндегі жұмыстарға ерекше назар аударады.

Елден қаржыны заңсыз шығаруды болдырмау және валюталық бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында Бас прокуратураның ұсынысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар екінші деңгейлі банктер (валюталық бақылау агенттері), Ұлттық Банк (реттеуші) және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуде.

Ақпараттық қорлардың интеграциясы сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша ақшалай қаражаттар мен тауарлардың қозғалысы туралы қажетті ақпаратты онлайн режимінде алуға, валюталық бақылау жөніндегі заңнама талаптарының бұзылуын уақытылы анықтап, жолын кесуге мүмкіндік береді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу