You are here

Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлерін лауазымынан босатуға қатысты БАҚ үшін ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Жақып Асановтың а.ж. 10 қазандағы бұйрығымен Бас прокуратураның тәртіптік комиссиясының ұсыныстары негізінде Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары Рашид Дубаев, облыс прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы Алмас Абдақасов және Теміртау қаласының прокуроры Біржан Шаулиев лауазымдарынан босатылды.

Қарағанды облысының прокурорына "сөгіс" жарияланды.

Бұдан бұрын Бас прокуратураға азамат Қ.Алпысбаев Қарағанды облысы прокуратурасы қызметкерлерінің әрекеттеріне және қылмыстық істер бойынша қадағалауды жүзеге асыру кезінде олар жіберген бұзушылықтарға шағымданғанын хабарлаймыз.

Тексеру жүргізу барысында арыз берушінің дәлелдері расталды. Бірқатар қылмыстық істер бойынша күдіктілердің әрекеттерін дұрыс емес саралау фактілері анықталды.

Бұзушылықтар Бас прокуратураның тәртіптік комиссиясының отырысында қаралды және алқалы шешіммен Бас Прокурорға оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.