Кадрлық тағайындаулар

13 сәуiр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурордың бұйрығымен Алматы қаласы, Ақтөбе, Ақмола және Жамбыл облысы прокуратураларында кадрлық тағайындаулар өтті. Барлық қызметкерлер прокуратура органдарының кадрлық резервінде тұрғандар.

Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына аға әділет кеңесшісі Айдос Серікханұлы Майлыбаев тағайындалды.

А.Майлыбаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Орта Азиялық университетін, Алматы халықаралық журналистика институтын және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін юриспруденция, халықаралық журналистика және экономика мамандықтары бойынша бітірді.

Прокуратура органдарындағы қызметін Жамбыл облысында аудан прокуратурасының бөлім прокуроры ретінде бастады, Жамбыл және Қордай ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет етті.

2009-2012 жылдар аралығында Алматы облысы прокуратурасының Жамбыл және Панфилов ауданы прокуроры қызметін атқарды.

Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жеткен жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Тағайындауға дейін Жамбыл облысы прокурорының орынбасары лауазымында болды.

 Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 16 жылдан асады.

***

Жамбыл облысы прокурорының орынбасары лауазымына аға әділет кеңесшісі Жарқын Қуанышұлы Құсайынов тағайындалды.

Ж.Құсайынов 1976 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1993 жылы Бас прокуратураның Істерін басқару кеңсесінің инспекторынан бастап, Алматы гарнизонының әскери прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Бас әскери прокуратураның Бөлім прокуроры, аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры, Басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Басшылық лауазымдарда еңбек тәжірибесі мол. Алматы қаласы прокуратурасының Медеу, Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Бас прокуратура Департаменті Бөлімінің бастығы, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма бастығы болды.

Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жеткен жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Тағайындауға дейін Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры лауазымында болды.

 Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

***

Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының лауазымына әділет кеңесшісі Мұрат Әжінұрұлы Тілеубердиев тағайындалды.

М.Тілеубердиев 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Алматы қаласы аудан прокуратурасында прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма бастығының орынбасары, Басқарма бастығы қызметтерінде еңбек етті.

Тағайындауға дейін Алматы қаласы прокуратурасында Қоғамдық мүддені қорғау басқармасында прокурордың аға көмекшісі қызметін атқарды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 18 жылдан асады.

***

Ақмола облысының Көкшетау қаласы прокуроры лауазымына әділет полковнигі Қуат Аманбекұлы Әбдіханов тағайындалды.

Қ.Әбдіханов 1978 жылы Жезқазған облысының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша аяқтады.

Әр кезеңде Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі, Қарағанды облысы және Астана қаласы прокуратураларының Басқарма прокуроры, Бас прокуратураның Департаменті Бөлімінің аға прокуроры қызметтерін атқарды.

2009 жылдың шілде айынан бүгінге дейін Бас әскери прокуратураның Қоғамдық мүддені қорғау басқармасының бастығы болды.

Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жеткен жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жыл.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу