You are here

Кадрлар резервінде тұрған прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау курстары туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 3 маусым, 2014 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін жаңғырту бойынша қойған талаптарын тиімді жүзеге асыру мақсатында Бас прокуратура Институтының ұйымдастыруымен аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың лауазымдарына ұсыну үшін кадрлар резервінде тұрған прокуратура органдарының қызметкерлеріне кәсіби қайта даярлау курстары ашылды.

Курсқа қатысушыларға арналған сөзінде Бас Прокурордың орынбасары Жақып Асанов құқық қорғау жүйесін реформалау шеңберіндегі қадағалау органдарының кадр саясаты дамуының басты бағыттарын айқындап, оқыту іс-шарасының қадағалау органдарының кәсіби басшылық кадрларын дайындаудағы маңыздылығын атап өтті.

Прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру практикасы көрсертіп отырғандай, өңірлердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша негізгі жүктеме аудан прокурорларына түседі. Аудандық прокуратуралар прокуратура органдарының жүйесіндегі негізгі буын болып табылады, сондықтан аймақтардағы тиісті заңдылықтың сақталуы мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету олардың жұмыс тиімділігіне және сапасына тікелей байланысты. Прокуратура органдары мен жалпы құқық қорғау жүйесі туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуы аудандық прокурорлардың кәсіби деңгейі мен құзіретінен тікелей байланысты. Сондықтан бұл деңгейдегі прокурорлардың лауазымына үміткерлерді дайындаудың басты міндеттердің бірі екенін Бас прокуратура институтының директоры Салтанат Тұрсынбекова өз сөзінде атап өтті.

Курстардың бағдарламасында басқарушылық дағдыларды, көшбасшылық әлеуетті, жүйелі ойлау дағдыларын дамыту, менеджменттің заманауи негіздері және жоғары білікті басшыға қажетті өзге де қасиеттер бойынша сабақтар қарастырылған.

Оқыту іс-шарасына Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғарғы Соттың судьялары, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің өкілдері және Бас прокуратура департаменттерінің басшылары қатысады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.