You are here

Кадр саясаты мәселелері бойынша Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2013 жылғы 22 қаңтар)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен прокуратура органдарындағы кадрлық саясат мәселесіне арналған Бас прокуратура алқасының отырысы болып өтті.

Алқаның жұмысына бейне-конференцбайланыс арқылы аумақтық прокурорлардың қатысуымен өткізілді.

Отырыста айтылып өткендей, жоғары білікті кадр құрамын қалыптастыру прокуратура органдарының алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Тұтастай алғанда прокуратура органдарының қызметінің тиімділігі қызметкерлердің кәсібилігі мен біліктілігіне, олардың іскерлік және моральдық қасиеттеріне, кадрлық жұмыстарды ұйымдастыру деңгейіне байланысты болады. Сондықтан, кадрларды іріктеу мен орнықтыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сапалы резервті қалыптастыру, басшылардың жауапкершілігін күшейту, жеке құрам арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі өзекті мәселелер тұрақты бақылауға алынған.

«Стратегия «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Президент Жолдауына сәйкес, жаңа экономикалық саясаттың табысты болуының басты шарты ретінде басқарушылық ресурсты жетілдіру, мемлекеттік секторда корпоративтік басқарудың және менеджменттің заманауи қағидалары мен тетігін енгізу қажеттігі белгіленген. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту мақсатында мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру тапсырылды, ол қоғамға қызмет етудің және мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне жауап беруге тиіс.

Осыған байланысты прокуратура органдарындағы кадрлық саясаттың басымдық бағыттары болып мыналар белгіленді: прокуратура органдарын одан әрі жаңарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу, кадрлық әлеуетті қалыптастыру мен нығайту, өздерінің моральдық және іскерлік қасиеттері бойынша заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жұмыстарын табысты орындауға қабілеті бар білікті мамандарды прокуратура органдарына қызметке қабылдау.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру аясында, қазіргі уақытта Бас прокуратура Құқық қорғау органдарының кадрлық саясаты мәселесі бойынша Президент жанында тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құру жөнінде Мемлекет басшысының Жарлығының жобасын әзірледі, оған қоса Құқық қорғау органдарының кадрлық саясатының Тұжырымдамасын әзірлеуге байланысты жұмыстар жүргізілуде.

Талқылаудың нәтижесі бойынша кадрлық жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіруге байланысты нақты шаралар қолдану, қызметкерлердің қызметін бағалаудың озық өлшемдерін енгізу, прокуратура органдарының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын қалыптастыруға бірыңғай ұстаныммен жұмыс жүргізу қажеттігі ұсынылды.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.